Саяси сахна

Елорда маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілді

  • Елорда маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілді

    Елорда маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілді

Тоқаев жарлыққа қол қойды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлықта.

Айта кетейік, 2020 жылы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы енді ауыл ретінде өмір сүре алмайтынын, елді мекен облыстық маңызы бар қала бола алатынын мәлімдеді.

2021 жылғы сәуірде Қосшы ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы Президент Жарлығының жобасы жария талқылауға шығарылды.

Қосшы ауылы - Целиноград ауданы аумағында орналасқан елді мекен. Жалпы ауданы - 2 413 гектар. Қосшы ауылы елорданың оңтүстік-батысындағы ең ірі елді мекендердің бірі саналады.




Көрілген: 1209    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.07.2021, 09:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30