Саяси сахна

Елордада 6 елдің өкілдері Ауғанстандағы жағдайды талқылады

  • Елордада 6 елдің өкілдері Ауғанстандағы жағдайды талқылады

    Елордада 6 елдің өкілдері Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Сонымен қоса, Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық перспективалары мен бағыттары айқындалды.

Нұр-Сұлтанда Орталық және Оңтүстік Азия елдері бас штаб бастықтарының қатысуымен конференция өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысып, өңірдегі қауіпсіздік шеңберіндегі ахуалды, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Конференцияға қатысушылар соңғы кездегі орын алған сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ өңірлік құрылымдар, оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен орнын қарады. Сонымен қоса, Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық перспективалары мен бағыттары айқындалды.

Осы шара аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Өзбекстан, Пәкістан мемлекеттеріндегі әріптестерімен, сондай-ақ АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысымен бірқатар кездесулерге қатысты.

Аталған конференция 2015 жылдан бері өңірдегі елдерде және одан тыс жерлерде де өткізіліп келе жатқан айта кету керек.




Көрілген: 905    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 01:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30