Саяси сахна

Елші Қазақстан мен Кувейт арасындағы мемлекетаралық байланысқа жоғары баға берді

  • Елші Қазақстан мен Кувейт арасындағы мемлекетаралық байланысқа жоғары баға берді

    Елші Қазақстан мен Кувейт арасындағы мемлекетаралық байланысқа жоғары баға берді

Кувейттің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тарек Абдулла әл-Фарадж қос ел арасындағы мемлекетаралық байланысқа жоғары баға берді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Кувейттің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Кувейт Ұлттық күніне 60 жыл» атты фотокөрме өтті. Онда Кувейт пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды дамыту барысындағы тарихи кездесудің фотолары қойылды.

«Кувейттің алпысыншы ұлттық күні және азаттығының 30 жылдығы орай фото көрме ұйымдастырып отырмыз. Мұнда 12 фотосурет қойылды. Бұл іс-шара Кувейт пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық тарихының жарқын жылнамасына айналып отыр», - деді Кувейттің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тарек Абдулла әл-Фарадж.

Ол фотокөрмедегі өзіне ұнайтын суретті көрсетті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Кувейт арасында түсінбестік жоқ, қос мемлекет бірін-бірі әрқашан қолдап жүреді.

«Бұл &ndash 2018 жыл. Мұнда Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесіндегі Қазақстан мен Кувейт өкілдері бейнеленген. Бұл жиында қарусызсандыру, ядролық қарудан бас тарту, адам құқықтары мәселесі талқынды. Қос ел бір пікірді ұстанды», - деді елші.

Сонымен қатар Тарек Абдулла әл-Фарадж Қазақстан мен Кувейт арасындағы мемлекетаралық байланысқа жоғары баға берді

«Кувейттің инвестициялық қоры Арал теңізін қалыпқа келтіру жобасына қатысты. Сонымен қатар еліміз Ислам даму банкіне мүше. Банк Қазақстандағы инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырды.

Сонымен қатар, 1998 жылы Кувейт Қазақстанға сыйлық жасап, елордадағы ауыл шаруашылығы министрлігінің қабырғасы қаланды.
Бұрын бұл Астана қаласы әкімдігінің ғимараты болатын», - деп түйіндеді сөзін ол.




Көрілген: 663    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 02:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30