Эльвира Азимова Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалсын" -делінген жарлықта.
Аталмыш жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 желтоқсанда қол қойды.
Эльвира Азимова бұған дейін, 2013-2019 жылдары Қазақстан Республикасы әділет министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Ал 2019 жылдың қыркүйегінен бері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болған.