Саяси сахна

Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға үндеу жасады

  • Фото Sputnik Казахстан

    Фото Sputnik Казахстан

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтардан уақытша енгізілген талаптарды орындауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Құрметті отандастар!

Бүгінгі әлемдік экономикалық жағдай барша мемлекет үшін сын сағаты болып отырғаны белгілі. Бүгінгі жағдай адам баласына ғана емес, мемлекетімізге, тәуелсіздігімізге түскен сынақ болып отыр. Ұлтымыз өз тарихында бұл сияқты сынақтардан қаншама рет ауызбіршіліктің арқасында өтті. Біз ортақ шешімдеріміздің арқасында барлық мәселені еңсеретінімізге толықтай сенеміз. Әр адамның жауапкершілігі еліміздің қауіпсіздігі екенін ерекше айтқым келеді", - деді Тоғжанов астанада өткен брифингте.

 

Вице-премьер мемлекет өзінің барлық міндеттемесін толығымен орындайтынын қадап айтты.

 

"Қазіргі жағдайда әр адам өз отбасына, ұжымына, туған-туыстарына жауапты тұлға ретінде сақтық шараларын жасап, мемлекет тарапынан қабылданған шектеулерді дұрыс түсініп, уақытша енгізілген талаптарды орындауды сұраймыз. Мұның бәрі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр", - деп түсіндірді ол.

 

Сөз соңында Тоғжанов отандастарын жалған ақпаратқа сеніп, қоғамда үрей туғызбауға шақырды.

 

16 наурызда Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол отыз тәулікке созылады.

 

19 наурыздан бастап астана мен Алматы карантинге жабылды. Азаматтарға қала аумағына кіріп-шығуға 22 наурызға дейін рұқсат етіледі. Одан кейін барлық бекет жабылады.

 

Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.
Бірақ, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғыдай жұмыс істей береді.

 




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 13:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30