Саяси сахна

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

  • Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

    Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалсын”,- делінген бұйрықта. 

 
Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.
Еңбек жолын 1998 жылы Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.

1999-2001 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты.
2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2003-2006 жылдары – "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ Қаржы департаментінің директорының м. а., директоры – басқарма мүшесі.
2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді. 2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2007-2009 жылдары — "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
2010-2012 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК директоры.
2012-2013 жылдары — "ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС бас директоры. 2013-2016 жылдары — "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2016-2019 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында — ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін — "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы.
2021 жылғы сәуір-шілде аралығында – ҚР Қаржы вице-министрі.
2021 жылғы шілде айынан бастап  – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынға алған еді. Президент сынынан кейін ол министр лауазымынан айырылды. Оның орнына Ербол Қарашөкеев министр міндетін атқарушы болып тағайындалды. 




Көрілген: 900    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31