Саяси сахна

Ердоған Қытайдағы ұйғырларға қатысты тосын мәлімдеме жасады

  • © AFP 2019 / ADEM ALTAN

    © AFP 2019 / ADEM ALTAN

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы этникалық топтардың барлығы бақытты өмір сүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.


Бұған дейін түрік билігі Қытайды Шыңжаңдағы ұйғырларға қысым көрсетіп, оларды түзету лагерлерінде мәжбүрлеп ұстап отыр деп айыптаған еді. Алайда Ердоған Қытайға сапары кезінде басқаша сөйледі.


"Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі барлық халық бақытты өмір сүріп жатыр, түрік тарапы ешкімге Қытай мен Түркия арасындағы өшпенділікті қоздыруға жол бермейді", - деді Ердоған ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде.


Ол Түркияның радикализмге қарсы екенін және саяси сенім мен қауіпсіздікті нығайтуды қолдайтынын айтты.


Ақпан айында Түркия сыртқы істер министрлігінің өкілі Хами Аксой Қытайды этникалық ұйғырлардың құқықтарын құрметтеуге және оларды күштеп қамауда ұстауға арналған лагерлерді жабуға шақырды.


Аксой "21-ғасырда концентрациялық лагерлердің қайтадан пайда болуы – бүкіл адамзат үшін масқара" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, "миллионнан астам ұйғыр түрмелерде және концлагерлерде күштеп ұстау, азаптау және идеологиялық оңалту саясатымен бетпе-бет келген".


Қытай сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемені "жиіркенішті" деп атап, наразылық білдірді. Наурыз айының басында Қытайдың Түркиядағы елшілігі осы мәлімдеден кейін Қытайдың Измирдегі Бас консулдығын уақытша жабатынын жариялады.


Айта кетейік, бұған дейін Қытайда мыңға жуық этникалық қазақ саяси тәрбиелеу лагерлерінде отырғаны хабарланған еді. Қазақстан сыртқы істер министрлігі оларды босату жұмыстарын жүргізіп жатыр және Қазақстан азаматтығын алып, тарихи отанына оралуға көмектесуде.


Қытайда 1,5 миллионнан астам этникалық қазақ тұрады.


Sputnik


 




Көрілген: 4197    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 12:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31