Саяси сахна

Ердоған он елдің елшісін елден қууға тапсырма берді

  • Ердоған он елдің елшісін елден қууға тапсырма берді

    Ердоған он елдің елшісін елден қууға тапсырма берді

Түркиядан елшілері шығарылатын елдер ретінде АҚШ, Канада, Франция, Финляндия, Дания, Германия, Нидерландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция аталды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 10 мемлекеттің елшісін «персона нон грата»  деп жариялап,  елден шығарып жіберу туралы сыртқы істер министріне тапсырма берді.

Бұл туралы Orda.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап  хабарлады.

Түркиядан елшілері шығарылатын елдер ретінде АҚШ, Канада, Франция, Финляндия, Дания, Германия, Нидерландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция аталды.

 — Мен біздің елдің сыртқы істер министріне дереу шара қолдану керектігін айттым. Яғни аталмыш 10 елшіні «персона нон грата» деп жариялауды тапсырдым, – деді Түркия президенті Ескі шахар қаласында сөйлеген сөзінде.

Басылымның жазуынша, Ердоғанның мұндай шешім қабылдауына 18 қазан күні дипломаттардың құқық қорғаушы Осман Кавалды босату жайлы мәлімдемесі себеп болған. Осы оқиғадан кейін барлық елшілер Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оларға Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясын сақтау қажеттігі туралы ескерту берілген.

Осман Кавал құқық қорғаушы әрі этникалық және діни азшылық топтарын қолдайтын Anadolu Kültür AŞ мәдени қорының негізін салушы. Ол 2013 жылы Стамбулдың Гези саябағындағы үкіметті биліктен кетіруге арналған наразылық шеруіне байланысты айыпталып, 2020 жылдың ақпан айында ақталып шыққан болатын.

Алайда Стамбул прокуратурасы сол күні оны қайта қамауға алуға ордер берген. Бұл жолы Осман Кавал 2016 жылы елде мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысты деген  айып тағылған. Ол содан бері қамауда отыр.
#Режеп Тайып Ердоған #елшілік




Көрілген: 995    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.10.2021, 23:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31