Эрдоған Ресеймен қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталатынын айтты

06 тамыз 2022, 09:52

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған РФ президенті Владимир Путинмен Сочидеге кездесуі алдында екі ел арасында қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталатынын атап өтті. Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

"Бізге нүкте қоюға тура келеді. Кездесу екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңіне бастау болады деп үміттенемін", - деді ол.

 

Ердоған энергетикалық әріптестік пен астық экспортын, туризм мен өзге де өңірлік мәселелерді меңзеп отырғанын атап өтті.

 

Сондай-ақ кездесуде сириялық мәселе де қозғалатынын айтты. Оның айтуынша, өңірдегі терроризммен күрес маңызды.