Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ердоған үшінші мәрте ерледі

14 маусым 2011, 12:36

75 миллион халқы бар Түркияда қызу бәсеке тудырған парламент сайлауы өтті. Тайип Ердоған басқаратын биліктегі Әділет және даму партиясы алдын ала нәтижелер бойынша 50,1 пайыз дауыс жинап, 550 орынның 326 мандатын иелену арқылы жеңіске жетіп отыр. Сайлауға 50 миллионнан астам электорат қатысып, 15 партия бақ сынады.

2002 жылы билікке келген Әділет және даму партиясы бірпартиялық үкімет жасақ­таған болатын. Исламистер аталып кеткен бұл 2007 жылғы сайлауда да жеңіс жа­лауын желбіретті. Ердоған осымен үшінші мәрте үкімет басшысы болмақ. 50 пайыз­дан астам дауыс Ердоған партия­сына бір­пар­тиялық үкімет жасақ­тауға мүмкіндік береді. Алайда Әділет және даму партия­сының бұл жолғы көрсеткіші өздері уәде еткендей, елдің 1982 жылы әскери үкімет қабылдаған Конституциясын өзгертуге, атап айтқанда, президенттік басқаруға кө­шуге жеткіліксіз. Яғни парламенттегі 330 ман­датқа қол жеткізуі керек еді. Енді билік пар­тиясына рефе­рендум өткізуге тура ке­леді. Ал екінші орынды 25,8 пайызбен, яғни 135 ман­дат­пен Республикалық халық­тық партия иеленді. Үшінші орында 13 па­йыз дауыс жинаған Ұлттық іс-қимыл пар­тиясы ке­леді.