Саяси сахна

Ереванда Қарабақты бергеннен кейін бүлік шықты: көпшілік парламентке басып кірді

  • Ереванда Қарабақты бергеннен кейін бүлік шықты: көпшілік парламентке басып кірді

    Ереванда Қарабақты бергеннен кейін бүлік шықты: көпшілік парламентке басып кірді

Ереван орталығында мыңдаған адам жиналды. Олар Таулы Қарабақтағы бейбіт келісімге келу мен Әзербайжанға территорияны беру туралы мәлімдемеге наразы болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Наразы топ Армения парламентінің ғимаратына басып кірді. Олар бірінші қабаттағы терезені сындырып, қабырғадағы жазбаларды құлатты, есіктерді сындырды. Үкімет кабинеттеріндегі компьютерлерді, жиһаз бен микрофондарды қиратты. Үкімет алдындағы алаңда атысқа ұқсас дыбыстар естілді.

Митингіге шыққандар арасында жүрген "Гүлденген Армения" оппозияциялық партиясының депутаты Ивета Тоноянның айтуынша, оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап еткен.

"Бүгін біздің тарихымыздың ең масқара парағы жазылды. Бірнеше сағат бұрын "Гүлденген Армения" және бірнеше партия премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Осынша жасалғаннан кейін отставка Пашинян үшін аз болып тұр. Біз мұнда адамдардың ашуын басу үшін келдік. Ашуы орынды. Мұнда әкесі, бауыры, ұлы соғыста жанын берген адамдар. Қоғамның пікірімен санаспай, қаламмен қол қоя салып, жерді, Шушаны беру туралы шешім шығарды", - деп келтірді депутаттың сөзін Sputnik Армения.

Кейін наразы топ парламент ғимаратына кірді. Күзет оларға тосқауыл қоюға тырысқан, алайда олар күзетшілерді итеріп кіріп, мәжіліс залына жетті. Залдағы мінберге кез келген адам тұрып, Қарабақтағы әскери қимылды жалғастыруды талап етті. 

Наразылық білдірушілер парламент спикері Арарат Мирзоянды соққыға жықты. Олар Мирзоянды көліктен күшпен шығаруға тырысып, реніштерін жеткізді. Әскерилер спикерді қорғауға мәжбүр болды. 

Басында күзетшілер мен наразы топтың арасында кішігірім төбелес болды, кейін ер адамдар Мирзоянды ұстап, ұрып тастады.

Ал Армения премьері Никол Пашинян Ереванда бүлік жасаған барлық азамат жауапқа тартылатынын айтты.

"Бүгінгі қылмысты ұйымдастырғандардың бәрі қатаң жазаланады", - деді Пашинян Facebook желісінде тікелей эфирде.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31