Саяси сахна

Ерлан Сайыров Н.Назарбаевтың Ассамблеяны басқару құқығын Тоқаевқа беруіне қатысты пікір білдірді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Нұрсұлтан Назарбаевтың Ассамблеяны басқару құқығын Тоқаевқа беруіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Депутаттың айтуынша, бұл еліміздегі саяси транзиттің жүріп жатқанын әрі оның толықтай демократия заңдылықтарымен яғни эволоюциялық жолмен жүріп жатқанын көрсетеді.

 

Қазіргі таңда Қазақстанда саяси транзит процесі жүріп жатыр. Ол эволоюциялық жолмен іске асуда.

 

Еліміздің ішкі саясаты бүгінгі таңдағы өте күрделі халықарлық геосаяси, геоэкономиакылқық мәселелердің барлығын ескеру керек. Қазір өздеріңізге белгілі Америка құрама штаттары мен Ресей және Қытай арасында үлкен қарама-қайшылықтар болып жатыр. Сондықтан біздің ішкі саяси процестеріміздің барлығы да өте мығым әрі сонымен бірге бүгінгі таңдағы Қазақстан мемлекетінің мүддесі тұрғысынан жүргізілуі керек. Осы тұрғыда еліміздегі саяси транзит бірте-бірте эволюциялық жолмен жүзеге асып келеді.

 

Оған бүгінгі Қазақстан халық ассамблеясының басшылығының өзгеруі дәлел болып отыр. Яғни Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің төрағалық қызметін Президент Тоқаевқа өткізіп беруі саяси эволюцияның іс жүзінде іске асып келе жатқанының айғағы. Бұл бізге болашақ он жылдың ішінде осы өте мықты орталықтандырылған билік пен мықты саяси жүйе қалыптасуына жол ашады деп ойлаймын.

 

Бірақ бұл процесс еліміздің ішкі әлеуметтік, экономикалық мәселелеріне оң әсер ете отырып, ең негізгісі халықаралық аренада болып жатқан бүгінгі таңдағы мынау қарама-қайшы процестердің барлығын ескеруі керек. Оның үстіне қазіргі таңда қоғам арасында демократияға, плюрализмге деген сұраныс та артып келеді. Осының барлығын ескерген кезде саяси транзиттің өзі осы қазақстандық моделінің іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді», - дейді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров. 

 

 

 

 




Көрілген: 4468    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 12:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30