Саяси сахна

"Ешкімге жалтақтамаймыз": Тоқаев реформаларды біреуге ұнау үшін жүргізбейтінін айтты

  • "Ешкімге жалтақтамаймыз": Тоқаев реформаларды біреуге ұнау үшін жүргізбейтінін айтты

Мемлекет басшысы саяси реформалардың үшінші пакетін жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға түзету енгізілетінін мәлімдеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси реформаларды сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менің бірқатар шетелдік әріптестерім және беделді сарапшылар елімізде жүзеге асырылып жатқан сасяи реформалар туралы оң пікір айтуда. Олар саяси жаңғырудың сан қырлы және күрделі үдеріс екенін өте жақсы түсінеді. Ал реформаларды сынайтындар көбінесе мәселеге үстірт қарайды немесе жағдайымыздың ерекшелігін әдейі түсінгісі келмейді", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Президент билік елдің түйткілді тұстарын жақсы білетінін, ұстанымы айқын екенін атап өтті. Барлық мәселені кең ауқымды диалог пен мәміле арқылы біртіндеп шешеміз. Саяси жаңғыруды міндетті түрде жүзеге асырамыз, деді ол.

"Мен осы мәселеге айрықша мән беріп отырмын. Біз реформаларды біреуге ұнау үшін, олардың алдында жақсы көріну үшін, не болмаса біреулерге есеп беру үшін жүргізіп отырғанымыз жоқ. Реформаларды ешкімге жалтақтамай, ұдайы іске асырамыз. Басты мақсат &ndash  еліміздің күш-қуатын, әлеуетін нығайту және ең алдымен халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін тиімді шешімдер қабылдау. Бұған ешкімнің күмәні болмауы тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев саяси реформалардың үшінші пакетін жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға түзету енгізілетінін айтты. Президент құзырлы органдарға тиісті заң жобаларын жедел әзірлеуді тапсырды.
 




Көрілген: 818    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 13:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30