Саяси сахна

Есмағамбетова: Сайлау комиссиясының мүшелері тегін ПТР-тесттен өте алады

  • Есмағамбетова: Сайлау комиссиясының мүшелері тегін ПТР-тесттен өте алады

    Есмағамбетова: Сайлау комиссиясының мүшелері тегін ПТР-тесттен өте алады

Өңірлерде бақылаушыларды, сайлау комиссияларының мүшелерін және сенім білдірілген адамдарды тегін ПТР-тестілеу үшін қажетті тестілер қоры мен зертханалар қуаты қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова өткен жылы вирусты зертханалық диагностикалау бойынша мүмкіндіктеріміз едәуір артқанын атап өтті.

Коронавирустық инфекция пандемиясы басталғалы ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу сәуір айында тәулігіне жалпы қуаты 6000 тест болатын 19 зертханада жүргізілді, ал бүгінгі күні КВИ диагностикасын тәулігіне жалпы қуаты 100 мың зерттеуді құрайтын 132 зертхана мен 48 биологиялық материал алу пункті жүзеге асырады.

 
"Бүгінгі таңда 5 млн-нан астам зерттеу жүргізілді, күн сайын зертханалармен 40 мыңға дейін тест жүргізіледі. Осылайша, зертханалардың резервтік қуаты 60 мың зерттеуді құрайды, қазіргі уақытта бұл қуат сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады", - деді Есмағамбетова.

Бұған қоса, ол сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдар 3 қаңтар күні сағат 24.00-ге дейін тегін ПТР-тестілеуден өту үшін өтінім бере алатынын мәлімдеді. 

"Бүгінгі таңда барлық денсаулық сақтау басқармаларында жауапты тұлғалар анықталды, олардың телефондарының тізімдері Мемсанэпидқадағалау комитетінің сайтында, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында жарияланған. 31 желтоқсаннан 3 қаңтар сағат 24.00-ге дейін сайлау комиссияларының мүшелерін, бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдарды тегін ПТР-тестілеуден өткізу үшін өтінімдер қабылданады", - деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.01.2021, 16:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31