Саяси сахна

Есімов "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетті

  • Есімов

    Есімов "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетті

Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" қорының басшысы қызметінен кетті. Ұлттық қорды басқару кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев оған жемісті қызметі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елбасы баспасөз қызметінің жазуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовтің басшылығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп, БҰҰ есебінде алдыңғы қатарлы халықаралық үздік жиырма қордың қатарына қосылғанын атап өтті.
"Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы бұл нәтиже негізінен Есімовтің жоғары жауапкершілігі мен зор кәсіби тәжірибесінің арқасында мүмкін болғанын айтты. Сондай-ақ А.Есімовтің басқа да маңызды мемлекеттік лауазымдарда жүктелген міндеттерді барынша тиімді орындағанына тоқталды.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов өзіне артылған жоғары сенімі үшін Елбасыға алғыс айтты. Ол қордың жеткен жетістіктері Тұңғыш президенттің халықтың тұрмысын жақсарту және мемлекетімізді гүлдендіру бағытында жүргізген саясатының арқасында еліміз қол жеткізген толағай табыстың шағын бір бөлігі ғана екенін атап өтті", - делінген хабарламада.




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 12:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31