Саяси сахна

ЕурАзЭҚ : Минскі Мәскеуге бас шұлғи бермейді

  • egemen.kz

    egemen.kz

Алдында Беларусь, Қазақстан және Ресей Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты бірінен соң бірі ратификациялайды деп мәлімделген. Алайда бұл мүмкін болмай отыр. Нақтырақ айтқанда, белгіленген уақытта - 20 қыркүйекте Ресейдің Мемлекеттік думасы аймақаралық маңызды құжатты мақұлдап, Федерациялар кеңесі оны 1 қазанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі де 1 қазанда нақтылап жіберсе , ал 2 қазанда Беларусь Республикасының Парламенті аталған өзара экономикалық бірлестікті құру құжатынан ұлттық мүддеге қайшы кілтипан тауып, тағы да ойлануға рұқсат алды.
Беларусь мамандары Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы құжатқа қатысты мәселенің тууы заңды деп санайды. Өйткені 29 қыркүйекте Ұлттық жиынның күзгі сессиясын ашу кезеңінде Александр Лукашенконың өзі депутаттарды осы құжатты ратификациялау кезеңінде өте сақ болуға шақырған. Сөзбе-сөз келтіре кетелік: "Құжатты даярлау кезінде қандай да бір қате кеткенін байқап қалсаңыздар, бұл өте маңызды нәрсе, онда ол жайынан мені бірден хабардар етіңіздер, Беларусь мемлекетінің мүддесін қорғауда ештеңеге қарамаңыздар".
Ал беларусь халқының қалаулыларына бұл құжатта мұнай және мұнай өнімдеріне салынатын экспорттық баж салығының күрт төмендеуі және сонымен қатар жер қазба байлықтарын игеруге салынатын салықтың бірден артуы туралы Ресейдегі өзгеріс жақпаған. Есепке сай, Беларуссия Ресейдің мұнай саласындағы мұндай салық өзгерістері салдарынан 1 млрд долларын жоғалтады екен.
Сөйтіп бұл құжатты заңдастыру уақытын белгілеуді Минск 10 қазанда мемлекет басшылары деңгейдінде өтетін осы одаққа мүше мемлекеттердің саммитіне қалдырды. Беларусь Республикасының парламентіндегілердің айтуынша, бұл мерзім қараша немесе желтоқсан айларында болуы мүмкін.

Жалпы, мамандар Беларусь Республикасы, әу, баста-ақ қулық жасап кеткенін айтады. Минскінің ЕурАзЭҚ туралы келісімшартқа қол қоюда өз мүддесін ескерген, осы арасы, әсіресе, Ресейге ұнамады деседі. Оған да тоқтала кетелік...
ЕурАзЭҚ туралы келісімшартты ратификациялау туралы заңнаманың 1-бабы былай дейді:
"Астана қаласында 29 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты (ары қарай – Келісімшарт) мынандай мәлімдемемен ратификациялаймын:
"Беларусь Республикасы Келісімшарт аясындағы барлық міндеттемелерді қалтықсыз орындайтынын және үшжақты немесе екіжақты негізде жекелей тауар түрлері саудасында, көрсетілетін жекелей қызмет түрлерінен, ең алдымен, шикізатқа, құрастырушы өнімдерге, автокөлік тасымалын ырықтандыруға және экономиканың маңынды позицияларына қатысты кедергілер, шектеулер мен алым-салымдарды алып тастау туралы нақты келісімге қол жеткен жағдайда ғана оны жүзеге асыратындығын мәлімдейді.
Сонымен қатар бұл келісімдер Еуразиялық экономикалық одақтағы шектеулер мен алымдарды толықтай жою ісін нашарлатуға жол бермейтін ережелерден тұруы тиіс".

Демек, Беларусь Республикасы осы мәлімдемесіне сай, яғни үшжақты келісімдер нақты жасалып бітпегендіктен аталған құжатты қабылдау кезеңін кейінге шегеруге қол жеткізіп отыр.
Бір пікір
Уәлихан Төлешов, саясаттанушы:

– Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы - одақтас мемлекеттер. Бұл екі ел экономикалық тұрғыда бір режимде бұрыннан жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, қос мемлекеттің экономикасы біте-қайнасып жатыр. Сондықтан Минск позициясы Мәскеу үшін маңызды. Ал Минск ЕурАзЭҚ келісімшартын заңдастыруды керіге шегеру арқылы оған ең бірінші кезекте ұлттық мүдде маңызды екенін ашықтан ашық танытып отыр. Беларусь Республикасы өндіретін көп тауарлар, соның ішінде агротехникалар Еуропаға бағытталады. Сондықтан олар Еуропамен байланысты жақсарта түсуге мүдделі. Бұл – біріншіден. Екіншіден, Минск Украина территориясының бүтіндігін қалайды. Оны да Лукашенко ашық мәлімдеді. Бірақ ол Путиннің Минскіде Порошенкомен бірлесіп қол қойған өзара ымыраға келу туралы келісіміне берік болатындығына сенімсіз. Бір жағынан осы сенімсіздік ЕурАзЭҚ-қа селкеу түсіретінін де байқатып отырған секілді. Сол секілді аталған келісімде әр тарап өзінің ұлттық мүддесін алға тартуға құқылы екендігі нақты жазылған. Сондықтан бүгінгі Минск позициясында қандай да бір заңсыздық жоқ. Егер ұлттық мүдде тұрғысында Мәскеу мен Минск соңына дейін келісе алмаса, онда ЕурАзЭҚ құжаты өздігінен өз күшін жояды. Бірақ мұндай болжам айтуға әлі ерте.

Автор: Кәмшат Сатиева




Көрілген: 1858    Пікірлер: 5

бейсенбі, 09.10.2014, 13:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31