Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Еуроодақ елдері Ресейге қарсы санкциялардың тоғызыншы пакетін мақұлдады

16 желтоқсан 2022, 17:20

Еуропалық Кеңес Ресейге қарсы санкциялардың тоғызыншы пакетін мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Сонымен қатар, Еуропалық Одақ басшылары Киевке 18 миллиард еуро көлемінде көмек бөлуге келісті.

Чехия Премьер-министрі Петр Фиала: "Біз Украинаны қолдауға бірыңғай көзқарасты сақтай алғанымызға және бүгін Украинаға макро қаржылық көмек пен жаңа санкциялар пакетін мақұлдағанымызға қуаныштымын", - деді.


2022 жылы Прага ЕО Кеңесіне төрағалық етеді. Соған қарамастан, газ бағасының шегін белгілеу мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр.

"Біз бұл мәселе дүйсенбіде энергетика министрлерінің кезектен тыс кеңесінде жабылуы керек деп келістік. Менің ойымша, бұл мерзім туралы бәрі біледі және келісімге келуге дайын", - деп жалғастырды Петр Фиала.
Брюссельдегі кездесуде ЕО басшылары Босния мен Герцеговинаға Еуропалық Одаққа үміткер мәртебесін беруге келісті, Ирандағы адам құқықтарының бұзылуын айыптады және Хорватияның Шенгенге қосылуын құптады.