Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялар мерзімін ұзартты

18 желтоқсан 2021, 01:52

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы, экономикалық санкциялар мерзімін тағы жарты жылға ұзартты, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

 
Мұндай шешім Брюссельде өткен саммитте қабылданды. Бұдан басқа Ресей Украина аумағына басып кірген жағдайда АҚШ және Ұлыбританиямен бірлескен түрде қосымша жаза тағайындалатыны ескертілді. Осының алдында Ақ үй Кремльді Украинаның шығыс шекара жағына 100 мыңнан астам әскер шоғырландырды деп айыптаған еді.

Бұған ресми Мәскеу «өз шекарамыздың бойында не істесек те өзіміз білеміз, аталған әскер қорғану мақсатында апарылды» деп жауап берді. Сондай-ақ жиында «кәрі құрлық» елдерінің шекарасындағы гуманитарлық дағдарысты қолдан жасады деген айыпқа ұшыраған Беларуське қарсы да жаңа санкциялар әзірлеу қажеттігі айтылды.

Саммитте эпидахуал мәселесі де талқыланды. Мәселен, Италия өзге одақтас мемлекет азаматтарынан вакциналау куәлігімен бірге ПТР-тестінің нәтижесін талап етіп, басқа Еуропалық елдердің қарсылығына тап болуда. Ал Еуроодақ мүшелері энергия бағасына қатысты тіл табыса алмады.

«Біз Ресейді шекара маңындағы шиеленісті азайтуға және кез келген басқыншылық әректеттен бас тартуға шақырамыз. Ресеймен арамыздың жақсы болғанын қалаймыз, бірақ бұл көп жағдайда Мәскеудің таңдауына байланысты. Ал Еуроодақ елдеріне бустерлі дозаны толық вакциналаудан кейін 6 айдан кешіктермей қабылдауды ұсынамыз. Осыдан кейін сертификат 3 ай бойы жарамды болады», - деді Еурокомиссия президенті Урсула Фон дер Ляйен.

azattyq-ruhy.kz