Саяси сахна

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

  • Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

    Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компания басқармасының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

"Компания директорлар кеңесі шешімі бойынша Айымбетов Айдын Ақанұлы "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстан Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.

 
Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:

2009-2010 жылдары –  Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

2010-2011 жылдары –  Қазақстан ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

2011-2014 жылдары – "ҰҒЗТО" АҚ "Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты" ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары;

2014-2016 жылдары –  "ҰҒЗТО" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС директорының орынбасары;

2016-2019 жылдары –  "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті.

2019-2021 жылдары – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі.

2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.

Айдын Айымбетов - Қазақстан ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Отан" ордені.

Tengrinews.kz 




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 12:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31