Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Газ келеді... Газ қымбаттайды...

14 маусым 2013, 12:51

Осыдан бес жылдан астам бұ­рын Қазақстан мен Қытай ара­сында газ құбырын салу мен пайдалану туралы ын­ты­мақтастық жөнінде ке­лісім жасалған еді. Кейіннен осы келісімге өзгеріс енгізілген болатын. Ондағы мақсат Қы­тайға ағылатын газ кө­ле­мін 25 млрд текше метрге арттыру болып табылады. Мұ­ның 20 млрд текше метрі тү­рік­мен мен өзбек газы бол­са, күнгейге кетіп жатқан құбырдың арқасында Қа­зақстанның газдан та­рыққан оңтүстік өңірі де 5 млрд текше метрге дейін газға қарық болады. Кеше Сенат Қа­зақстан-Қытай газ құ­бы­ры­на қатысты осы ке­лісімді қа­былдады.
Мұнай және газ министрі Сауат Мың­баев жобаның жүзеге асыру құнын 5,4 млрд долларға шағып есептепті. Ал мар­шрут­қа келсек, түрікмен мен өзбек асып ке­летін газ құбыры оңтүстік өңірді шарлай келе, Жамбыл, Алматы облыстары арқылы Қы­тай шекарасына бағыт алады. Бұл газ құ­бырын салу үшін Қытайдың Даму банкі 4,7 млрд доллар қарызды беріп те үл­ге­ріпті. «2014 жылдың 1 шілдесіне дейін газ құбырының желілік бөлігін пайдалануға тап­сыруды жоспарлаймыз. Сөйтіп, сегіз ком­прес­сорлық стансыны пайдалануға бер­сек, газ құбырының құрылысын толық аяқ­тау 2016 жылдың желтоқсанына қарай барады», – дейді Сауат Мұхамбетқазыұлы. Ми­нистрдің мәліметінше, газды тасы­мал­дау көлеміне байланысты Қазақстанның қа­зынасына түсім де арта бастайды. Мә­се­лен, қазіргі таңда газ құбырының екі же­лі­сі­нен шамамен Қытайға қарай жылына 54 млрд текше метр газ тасымалданып, төрт жыл­дың ішінде ел бюджеті 1 млрд дол­лар­мен толыққан. Ендеше, бюджеттің бүйірі бұ­рынғыдан да томпаяды деген дәме бар. Дегенмен бюджет бір мәселе болғанда, газ құбырының әлеуметтік маңызы да одан кем емес. Жоғарыда айтқандай, Қытайға тартылған құбырмен ілескен 5 млрд текше метр газ Қазақстанның ішкі пайдалануы үшін бе­ріледі, оның ішінде оңтүстік өңір жұрт­шы­­лығының кәдесіне жарайды. Байқауы­мыз­ша, Бейнеу-Бозой-Самсо­нов­ка газ құбыры да осы бағытқа қосылатын тә­різді.
Сөйтіп, өзбекке күні қараған оңтүстік жұртына газ келеді. Бұл жақсы, бірақ.. Газ құ­бырының «бірағы» Қызылорда жұрт­шы­лығына қатысты болып тұр. «Қызылорда қаласында 250 мың халық бар. Бір кездері шетелдік мұнай ком­па­ния­ла­рымен ке­лісіліп, қала толығымен ілеспе газ­бен қам­та­масыз етілген еді. Қа­зақ­стандағы ең ар­зан газ Қызылордада. 1000 текше метрі 5 мың теңге ғана. Ал біздің естуімізше, Бей­неу-Бозой-Самсоновка құбырына әлгі ілес­пе газ да қосылып кететін тәрізді. Сөй­тіп, құбырға ілеспе газ да қосылып, соның нә­тижесінде Қызылорда қаласына бе­рі­летін баға күрт шарықтап шыға келетін болып отыр. Бұл қалай?» – дейді сенатор Мұ­рат Бақтиярұлы. Депутаттың түсін­ді­руінше, бір кездері бостан-босқа ауаға жанып жат­қан ілеспе газ тегін негізбен жеткізіліп, ең төменгі бағамен халыққа таралып кел­се, енді баға шарықтайды. Бұл Қызылорда хал­қын да алаңдатпай қоймаған. Бұл сауал Сауат Мыңбаевқа да таныс болып шықты. Облысқа барғанда жұрт дәл осы мәселені көлденең тартқанға ұқсайды. «Арзандау ілеспе газбен Бейнеу-Бозой құбырындағы газ араласады, сосын баға да араласып, ор­таңғы баға ұсталады. Арзан газды алып отырған мекемеге де, Қызылорда ЖЭС-іне де, ақыр аяғы қалың халық та бірден қым­батқа ұрынбас үшін ол баға ортаңғы мөл­шер­де бекітіліп, оның өзі үш-төрт жыл тұ­ратын шығар. Басқа жолымыз да жоқ. Өйт­кені Бейнеу-Бозой құбырымен келетін газға ешқандай субсидия жоқ», – дейді Сауат Мыңбаев. Мұнай мен газ министрінің ортаңқол баға белгілеуі бірқатар де­пу­тат­тарға жақпады. Мәселен, Қожахмет Бай­маханов әлгі тегін ауаға жағылып жатқан ілес­пе газды Қызылордаға жеткізу ба­ры­сында да үлкен дау болғанын, бұған, ең ал­дымен, мұнайшылардың өзі қарсы тұр­ғанын алға тартады. Мұндай қарсылыққа қа­рамастан, жергілікті билік есепсіз газды 250 мың халықтың игілігіне тартып беріпті.
Қожахмет БАЙМАХАНОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Газ бағасы еселеп өссе, халықтың қал­­­тасы мұны көтермейді, бір кездері кө­гіл­­дір отынға қолы жетіп қуанған жұрт қай­та құлдырайды, сексеуіл жағуға кө­шеді. Бас­қа жол жоқ дегенді қою керек. Нег­е ор­та­ша бағаны ұстап тұруды үш-төрт жыл емес, 10-15 жыл қылмасқа? Тегін газ­ды та­­рылтатындай бізге не көрінді? Қостанай­ді­кі тү­сінікті – ол Ресей газын жағады. Оң­түс­­­тік өз­бек газына тәуелді. Ал біз Қы­зыл­ор­­дада тіпті жердің астынан шығып жат­­қан тегін ілеспе газдың қазір электр энер­­гия­сының бағасына да әсер ететінін кө­ріп отыр­мыз. Қарақұмдағы шөл ара­сы­нан тар­ты­лып, Қы­зылордаға келіп жатқан құ­­быр­ды Қы­тай­ға қосып не ақымыз бар? Бұл ілеспе газ бір күні таусылар, сол кезде неге қоспасқа? Ха­лықты қынжылтып біттік қой. Бұл – бір мә­селе. Екіншісі, өткенде ми­нистр Мың­баев Кеден одағы аясында газ­дың да, бен­зин­нің де бағасы бірыңғай болуы керек деп кетті. Менің түсінбейтінім, айдаладағы Хан­­ты-Мансийскідегі газ бағасының Қы­зыл­­ордадағы ілесіп шығып жатқан газ ба­ғасына не шатағы бар?

Жетімін баспанамен жебемеген әкім жауапты болады
Ресми дерекке сүйенсек, 2006 жылдан бері елімізде 384 мыңнан астам пәтер пай­далануға берілген екен. Алайда осы­ның ішінде жетім балаларға тиген баспана са­ны 849 ғана. Нақтылап шақсақ, осы уа­қыт­қа де­йін пайдалануға берілген барлық пә­­тер­дің 0,2 пайызы ғана жетімдердің бас­­па­на­лық мұқтаждығына арналыпты. Осын­­дай олқылықтың орнын толтыруға ба­­ғытталған заң жобасын кеше Сенат бі­рін­ші оқылымда мақұлдады. Аталған құ­жат­­тың мақсаты жетім және ата-аналардың қа­­рауынсыз қал­ған балалардың бас­па­на­мен қамтылу мә­се­лелерін шешу, олардың әлеу­меттік-эко­номикалық жағдайын жақ­сарту, сон­дай-ақ осы санаттағыларды әлеу­меттік жа­ғынан бейімдеу болып та­бы­ла­ды. Атап айт­қанда, жергілікті ат­қа­рушы органдарға осы санаттағы балаларды бас­панамен қам­тамасыз ету міндетін жүзеге асыру бо­йынша заңнамалық дең­гей­дегі жа­уап­кер­шілік жүктеледі. Тоқтала кететін жайт, жо­ба­ны әзірлеуші Білім және ғылым ми­­нистр­лігі жетім балалар мен ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған ба­ла­лар­ды баспанамен қамтамасыз ету ба­ғы­тында елі­міздің қолданыстағы заң­­намасына мо­ни­торинг жүргізген. Нә­тижесінде қолда­ныс­тағы заңнаманың же­ке­леген нор­ма­ла­рында бірқатар кем­ші­ліктер орын алып, со­ның салдарынан же­тім балалардың тұр­ғын үйге құ­қық­та­рының бұзылуына жол бе­рілетіндігі ай­қын­далған. Мәселен, ҚР «Бі­­лім беру туралы» Заң­ының 6-бабында көр­сетілгендей, жер­гі­лікті атқарушы орган­дар­ға белгіленген тәртіппен жетім ба­лалар мен ата-ана қам­қор­лығынсыз қал­ған ба­ла­ларды тұрғын үймен қам­та­масыз ету мін­деті жүктелген. Алайда қазіргі уа­қытта осы санатқа жа­татын 34 мыңнан ас­там ба­ла­ның 27 мыңға жуығы, яғни 80 па­йызға жуы­ғы баспанаға мұқтаж. Со­ны­мен қатар соңғы жеті жылда балалар үй­ле­рінің 14 мың бітірушісінің 849-ы ғана, яғ­ни 6 па­йы­зы ғана бас­па­на­мен қам­тыл­ған. Сөйтіп, жергілікті би­лік­ке ешқандай жа­уапкершілік қа­рал­ма­ған­дық­тан, әкім­қа­ралар жетім­дер­ді бас­­панамен қамтуға ат­үс­ті қарап ке­тіп­ті. Ен­дігәрі бұған жол бе­ріл­мейді, жер­гілікті ат­қарушы ор­ган­дардағы же­тім ба­ла­ларды баспанамен қам­тамасыз ету мә­се­ле­лері бойынша жа­уап­ты тұл­ға­лар­дың жауап­кер­шілігі кү­ше­йе­ді. Бұдан бөлек, же­тім және ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қалған ба­лалардың пәтер кезегіне ба­сым құқық бе­ру көзделеді. Олардың бас­па­на мұқ­та­жын шешу үшін осы санатты мем­лекеттік тұрғын үйге жеке есеп­­ке алу ту­ралы норма қамтылады. Со­ны­мен қатар ал­ғаш рет же­тім балаларды, ата-анала­ры­ның қам­қор­лығынсыз қалған балаларды тұрғын үй ке­зегіне қою міндеті олардың заңды өкіл­деріне заңнамалық деңгейде жүктелетін болады. Яғни ендігәрі ба­лалар үйлерінің бас­шылары, қам­қор­шы­лыққа ал­ғандар мен қорғаншылар, па­тронат тәр­бие­шілері жетім балалардың бас­пана кезе­гіне уақы­тын­да тұруын қам­тамасыз ететін болады. Олардың бұл әре­ке­тіне қа­тысты жауапкершілік те артады.