Саяси сахна

Германия канцлері: Минск келісімі бойынша прогресс болмай отыр

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Жұма күні Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген Германия канцлері Ангела Меркель Донбасс бойынша Минск келісімінде прогресс байқалмайтынын мәлімдеді.

 

Меркель Украинаның шығысындағы жанжал мен оған байланысты Ресейдің іс-әрекеті Еуропа одағы мен АҚШ-тың трансатлантика одағы алдында тұрған маңызды тақырып екенін айтты.

 

Германия канцлері Вашингтон мен Брюссель Донбасс мәселесін реттеуге байланысты Мәскеумен арадағы келіспеушілігіне қарамастан, онымен әріптесікті жалғастыруы керек деп санайды.

 

Мюнхен конференциясы қарсаңында Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Минск келісімін қазіргі қалпында іске асыру мүмкін емес деп мәлімдеген. Әйткенмен Киев келісімде көзделген принциптерді орындайтынын айтқан.

 

Донбасс бойынша үшжақты байланыс тобындағы Ресей өкілі Борис Грызлов жақында Украинаны оқ атпау туралы міндеттемесін орындамай, жанжал аймағындағы ахуалды шиеленістіріп отыр деп айыптаған.

 

* Донбасс аймағындағы жанжал 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Украина құрамындағы Донецк және Луганск облыстарының бір бөлігі Киевке бағынудан бас тартқан.

 

* Жанжал басталғалы бері 13 мың адам қаза болған. Кемінде бір жарым миллион бейбіт тұрғын үй-жайын тастап, босып кетуге мәжбүр болды.

 

* Аймақтағы жанжалды реттеумен Украина, Ресей және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдерінен тұратын үшжақты байланыс тобы айналысады.

 

* Жанжалды саяси реттеу мәселесімен айналысатын, «Норман төрттігі» деп аталатын төртжақты топқа Германия, Ресей, Украина мен Франция мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы істер министрлері кіреді.

 

* Украина мен Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы қарулы сепаратистерге жәрдем көрсетіп отыр деп айыптайды. Мәскеу ол айыптарды мойындамайды.

 

 

 

azattyq.org

 

 




Көрілген: 818    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 23:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30