Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Германия «Үлкен жетілікке» Ресейді кіргізуге қарсылық білдірді

27 шілде 2020, 15:09

Германия тарапы Ресейдің «Үлкен жетілік» форматына қайта оралуына қарсы екенін білдірді. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маас мәлімдеді деп хабарлайды bairaq.kz.

 

Оның айтуынша, Мәскеудің бұл форматтан ығыстырылуына Қырым мен Украинадағы жағдай себеп болған.

 

«Бұл мәселе әлі толық шешілген жоқ. Дегенмен, мен Ресейді қайта шақырудың ретін таппай отырмын», - деді Маас.

 

Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамптың G7 саммитіне Ресей, Үндістан, Корея және Австралияны шақыру туралы ұсынысымен де келіспейтінін жеткізді. Министрдің сөзіне сенсек, саммитте жеті немесе жиырма мемлекеттің болуы ғана Берлин тарапын қанғаттандырады екен.

 

«Үлкен жетілік» - бұл экономикасы дамыған жеті елдің (АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия және Канада) ұйымы. 1998 жылы формат құрамы Ресеймен толыққан. Бірақ Ресей Қырымды қайтарып алғаннан кейін клуб мүшелері Сочи қаласына келуден бас тартқан еді.