Саяси сахна

Грекияның ең жас депутаты Шымкент қаласының тумасы

  • Грекияның ең жас депутаты Шымкент қаласының тумасы

    Грекияның ең жас депутаты Шымкент қаласының тумасы

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Алексей Волков Шымкент қаласында дүниеге келген және грек парламенті мүшелерінің арасында ең жас депутат Мария Апатзидимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму келешегін талқылады. Елші грек депутатын елімізде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформалармен, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларымен, сондай-ақ 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Мәжілістің кезекті сайлау алдындағы науқан барысымен және оның ерекшелігімен таныстырды.

Өз кезегінде М. Апатзиди Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық диалог арқылы жандандыру қажеттілігілімен келісті. Депутат Қазақстанның тумасы бола отырып, өткен ғасырдың соңында тарихи отанына оралған гректердің арасында Қазақстанға және елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени үдерістерге қызығушылықтың артып жатқанын атай отырып, екі ел арасында туристтер алмасуды кеңейтудің жоғары әлеуетіне назар аударды.

Сонымен қатар, депутат екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі бастамаларды қолдауға өзінің ынталы екендігін білдірді. Осыған растау ретінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Грек Республикасының Туризм министрлігі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды Грекия Парламентінің пленарлық отырысында мақұлдау барысында өзі мүшесі болып табылатын «MeRA-25» партиясының толық қолдау білдіргенін келтірді.

Кездесу соңында тараптар байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, кең ауқымды мәселелер бойынша Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстардың келешегін белгіледі.




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.12.2020, 09:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Желтоқсан 2020
    Әблязов 15 жылға сотталды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31