Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

27 шілде 2022, 10:12

Сейсенбі, 26 шілдеде, Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили келді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.

 

Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.

 

Сонымен қатар Грузия Премьер-Министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.