Грузия Ресейден жұрттың ағылып келіп жатқанын мәлімдеді

23 қыркүйек 2022, 17:59

Грузия мен РФ-ның мемлекеттік шекарасындағы «Казбеги» кеден бекетінен Ресейден келген келімсектер ағылып келіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бұл туралы «Новости-Тбилиси» хабарлады.

 

Грузия қаржы министрілігінің табыстар қызметі Ресей жағынан келіп жатқан көліктер керуенінің бірнеше шақырымға созылатынын мәлімдеді.

 

Кеденнің хабарлауынша, Жоғарғы Лара ауданында кеден бақылау бекетінен ішке қарай 24 сағат бойы, ешбір тоқтаусыз автокөліктер өтіп жатыр.