Саяси сахна

«Халық мемлекетке масыл болып алды» – сенат депутаты

  • «Халық мемлекетке масыл болып алды» – сенат депутаты

    «Халық мемлекетке масыл болып алды» – сенат депутаты

Парламент сенатының депутаты Әли Бектаев халық арасында масылдық психологиясы меңдей бастағанына алаңдаушылық білдіріп, жәрдемақыға бөлінетін қаржы ауыл, су, балық, орман шаруашылығына бөлінетін қаржыдан әлде қайда көп екеніне налыйды.

Маусымның 21-і өткен парламент отырысында депутат Әли Бектаев халық арасындағы масылдық жөнінде мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, жәрдемақыға бөлінетін 561 миллиард теңге қаржы ауыл, су, орман, балық шаруашылығына бөлінетін қаржыдан көп. Ол «халыққа балық бергенше, қармақ берген» дұрыс деп есептейді.

«Бізде 561 миллиард теңге қаржы зейнетақылық емес жәрдемақыға қарастырылған. Бұл бүкіл ауыл, су, балық, орман шаруашылығына бөлінген қаржыдан көп. Халқымызда «адамға балық берме, қармақ бер» деген аталы сөз бар. Өкінішке орай, кей тұрғындар арасында масылдық психология меңдей бастады», – дейді Бектаев.

Айшабибі аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жазира Қамолданова  халық арасындағы масылдық психологиясын айтпас бұрын, депутаттар өзараларындағы ашкөздік психологиясын жойсын дейді. Оның сөзінше, қазір көпбалалы аналарға беріліп жатқан жәрдемақы жеткіліксіз. Бір балаға 42 500 теңге берілуі тиіс.

«Қазіргі жағдайда жәрдемақы бір балаға 42 500 теңге болу керек. Ол отбасында қанша бала болса да берілуі тиіс. Ал масылдық психология дегенді сенат өздеріне айтсын. Ашкөздік психологиясын жойсын бірінші. Бізде ешқандай масылдық жоқ. Бізде кедей мен бай ғана бар», – дейді Қамолданова.

Тіркелмеген демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамайдың сөзінше, биліктің көпбалалы аналарға төлеп отырған ақшасы түкке тұрмайтын қаржы. Әли Бектаев масылдық туралы айтпас бұрын, жыл сайын депутаттарға жұмсалып жатқан қаржы туралы айтуы тиіс дейді ол.

«Сенатор Әли Бектаев халықтың масылдық психологиясы туралы айтпас бұрын, жыл сайын депутаттарға кететін шығын туралы айтуы керек еді. Мысалы, бір депутатқа ай сайын 8 миллион теңге, жыл сайын 92-93 миллион теңге қаржы жұмсалады. Ал олардың көпбалалы аналарға төлеп отырған ақшасы түкке тұрмайтын ақша. Бір балаға 11 мың теңгеден төлейді. 11 мың теңгеге қазір не алуға болады? Бізде минималды жалақы 42 500 теңге. Бұл әлемдегі ең кедей мемлекеттердің ішіндегі ең төменгі жалақы. Қазір Қазақстанда 2 миллионнан астам адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр. 2,5 миллион адам үйсіз-күйсіз жүр. Осы статистиканың барлығына қарасаңыз, Қазақстан ешқандай да әлеуметтік мемлекет болып отырған жоқ. Керсінше, бүкіл әлеуметтік көмектен елді мақұрым қылып отыр. Сондықтан Әли Бектаевтың айтып отырғаны ешқандай шындыққа жанаспайды», – дейді Мамай.

Қазақстанда көпбалалы аналар наразылығы 2019 жылы Астана іргесінде бір отбасының бес бірдей баласы тірідей өртеніп кеткеннен кейін басталған. Билік бастапқыда әрбалаға 21 мың теңге жәрдемақы беретін болған. Кейіннен ол 11 мың теңгеге қысқарған. Аналар биліктен әлі күнге дейін бір балаға 42 500 теңгеден беруді және көпбалалары отбасыларға баспана мәселесін шешіп беруді талап етіп келеді. 

sn.kz




Көрілген: 3093    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 08:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31