Саяси сахна

Халық тұрақты дамуды таңдап дауыс берді – Назарбаев

  • Халық тұрақты дамуды таңдап дауыс берді – Назарбаев

    Халық тұрақты дамуды таңдап дауыс берді – Назарбаев

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттік сайлау бойынша Exit-poll нәтижесімен танысу үшін "Nur Otan" партиясының штабына барған болатын


Елбасы Nur Otan партиясын жеңіспен құттықтады.

"Халық сенім артып, тыныштық пен тұрақты дамуды таңдап дауыс берді. Біз ұлт болып бірігіп, жұдырықтай жұмылып еңбек етуді ұсынамыз. Оны жасамасақ, мына қиын-қыстау жағдайдан шығу оңай болмайды. Пандемия әлі жалғасып жатыр. Қашан аяқталатыны белгісіз болып тұр", - деді Назарбаев.
Оның айтуынша, Nur Otan-ның басты мақсаты - халықтың қамы, елдікті нығайта беру.

"Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп келе жатырмыз. Баршаңызды Nur Otan-ның бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймын", - деп тәмамдады сөзін Елбасы.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттік сайлау бойынша Exit-poll нәтижесімен танысу үшін "Nur Otan" партиясының штабына барған болатын.

"Қоғамдық пікір" зерттеу институты елорда уақытымен сағат 00.00-де Exit-poll нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, "Nur Otan" партиясы сайлаушылардың 71,97% даусын жинаған. 

Ақ жол" демократиялық партиясы &ndash 10,18 %, Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) &ndash 9,03%, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы &ndash 5,75%, "Адал" партиясы &ndash 3,07% жинады.

Айта кетсек, 7 проценттік межеден асқан саяси партиялар мәжіліске өтеді.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың соңғы қорытындысын жариялайды.

sputnik.kz




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 08:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31