Саяси сахна

Халықпен тікелей байланысқа шыққан Путинге оғаш сұрақтар қойылды

  • Халықпен тікелей байланысқа шыққан Путинге оғаш сұрақтар қойылды

    Халықпен тікелей байланысқа шыққан Путинге оғаш сұрақтар қойылды

 Ресей президенті ел тұрғындарымен кезекті "тікелей байланысқа" шықты. Бұл жолы орыс халқы Владимир Путинге оғаш сұрақтар жолдап мемлекет басшысын ыңғайсыз жағдайға қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AstanaTV арнасына сілтеп. 


Тікелей желі арқылы адамдар халықаралық аренадағы жағдай, саясаттан басқа да маңызды істер туралы сауал қойды. Ең қысқа және басым көпшіліктің сұрағаны "қашан кетесіз?" деген сұрақ.


Сондай-ақ ресей жұртшылығын мұнай мен газ біткен жағдайда ел экономикасының дамуы алаңдатады екен. Ал кейбіреулер ресейдегі бақуатты адамдардың бақдәулеті жайлы сауал жолдады. Мәселен, "Бір жылдың ішінде Рогозинде 29,5 миллион қаражат қайдан пайда болды?" - деген сұрақ болды.


Әңгіме ауаны Роскосмостың басшысы Дмитрии Рогозин төңірегінде өрбісе керек. Тұрғындар "Газпромның" футбол командаларына бөлетін ақшасы бар, ал науқас балаларда - жоқ деген түйткілді көтерді.


Ең қызығы, тағы бір ресейлік президенттен қарызға 350 мың рубль сұрады. Байланысқа шыққандың арасында Путинге жанашырлық танытқандар да табылды.


Stan.kz




Көрілген: 982    Пікірлер: 0

сенбі, 22.06.2019, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31