Хасар Хабылбеков Павлодар әкімінің орынбасары болып тағайындалды

02 тамыз 2021, 17:03

Қала әкімінің өкімімен Хасар Айтпекұлы Хабылбеков Павлодар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Хасар Хабылбеков 1986 жылы туған, қазақ, екі жоғары білімі бар, 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Қаржы" мамандығы бойынша және 2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Көлік құрылысы" мамандығы бойынша тәмәмдады. "Техника және технология" магистрінің дәрежесі бар.

 

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастады.

 

2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Павлодар облысының атқарушы органдарының түрлі лауазымдарында: Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бас маманынан Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы қызметіне дейін атқарды.

 

2016 жылы "Казстрой Инжиниринг ПВ" ЖШС директоры болды.

 

2017 - 2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында бас инспекторы болды, Шарбақты және Тереңкөл аудандары, Екібастұз, Павлодар қалалары әкімдерінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

 

2021 жылы Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы.

 

2021 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін "Павлодар облысы құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет етті.