Саяси сахна

«Хайп қуып жүр»: Тоқаев антиваксерлер туралы айтты

  • «Хайп қуып жүр»: Тоқаев антиваксерлер туралы айтты

    «Хайп қуып жүр»: Тоқаев антиваксерлер туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында вакцинаца салдыруға қарсы шығып жүргендер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 «Өкінішке қарай, бүгін біз қоғамдық талқылаудың сапалық деңгейі төмендегенін байқап отырмыз. Ашық популистік, дәлелсіз сөздерімен кейбір адамдар хайп қуып, азаматтарды адастырады. Бұған айқын мысал &ndash антиваксерлер деп аталатын деструктивті ұстаным (вакцинацияға қарсы қозғалыс өкілдері &ndash ред.). Түрлі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауда көзқарастардың ымырасыздығы, тәсілдердің бір жақтылығы алаңдатады», - деді Тоқаев Кеңес отырысында.

Президенттің айтуынша, мұндай жағымсыз бағыттардың дамуына жол беруге болмайды.

«Мұның соңы қоғамдық араздыққа әкеледі, сенімсіздік атмосферасын қалыптастырады және сайып келгенде ұлттық прогресті тежейді. Қоғамдық қызмет &ndash бұл жоғары миссия, бірақ сонымен бірге бұл, ең алдымен, отандастар алдындағы жоғары жауапкершілік. Ең алдымен, өз сөзіміз бен іс-әрекетіміздің салдарын түсіну маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Ұлттық кеңестің міндеті &ndash үйлесімді қоғамдық ортаны қалыптастыруға, өркениетті диалог нормаларын орнықтыруға ықпал ету.

Президент, сондай-ақ қоғамда кең тараған тағы бір жағымсыз проблема &ndash ойынқұмарлық туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта жастар арасында алкоголь, есірткіге тәуелділік проблемаларына құмар ойындары қосылған.

«Соның салдарынан жастардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шегеді. Букмекерлік кеңселер мен казинолар өздерін интернетте белсенді түрде жарнамалайды. Мемлекет жас ұрпақты құмар ойындардан қорғау үшін бірқатар шаралар қабылдады. Алайда, бұл жеткіліксіз. Тағы жаңа шаралар қажет. Оларды құмар ойындарға итермелейтіндерді әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет. Қажет болған жағдайда оларды лицензиядан айырамыз», - деді ол.

Сымбат Ғалымжанқызы, Нұр-Сұлтан




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 13:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30