Саяси сахна

"Интернеттен қауіп көп": Назарбаев үкіметке тапсырма берді

  • "Интернеттен қауіп көп": Назарбаев үкіметке тапсырма берді

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ақпараттық қауіпсіздік саласында халықаралық тәжірибені зерттеудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.


Отырыс барысында еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қаралды.


"Бірінші сұрақ – ақпараттық қауіпсіздік. Бұл өзекті мәселе. Қазіргі таңда дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілер басым. Бір жағынан, бұл жақсы үрдіс. Интернетте танымдық және ағартушылық ақпарат көп. Екінші жағынан, киберқауіпсіздікке байланысты қатерлер де баршылық", - деді Елбасы.


Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында халықаралық тәжірибені зерттеудің маңыздылығын атап өтті.


"Бұл мәселеде басқа елдермен тәжірибе алмасу қажет. Осы бағытта дамуды қолдай отырып адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды", - деп Елбасының баспасөз қызметі Назарбаевтың сөзінен үзінді келтірді.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ақпаратты тыңдай келе, Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының көлік-транзиттік даму әлеуетінің кейбір аспектілеріне назар аударды.


Сонымен қатар, Елбасы өңірде кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру қажеттігін айтты.


Сондай-ақ, отырыста батыс макроөңірінің агроөнеркәсіптік хабын құру мәселелері қаралды.


Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша үкімет пен Ақтөбе облысының әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілді.

 




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 15:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30