Саяси сахна

Иран, Ресей, Түркия басшылары бас қоспақ

  • https://qazaqtimes.com

    https://qazaqtimes.com

Сүриядағы жағдайды тұрақтандыруға арналған Астана процесінің кепіл-мемлекет көшбасшылары бүгін Анкарада бас қоспақ. Бесінші кездесуге Иран президенті Хасан Рухани, Ресей президенті Владимир Путин қатысады. 


Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мен Путин сүриялық мәселелерден бөлек әскери-техникалық серіктестікті де талқыламақ. Үш жақты кездесудің басты тақырыбы – қыркүйекте іске қосылатын Сүриядағы конституциялық комитет жұмысын талқылау. Мұнымен қатар, тараптар 2018 жылғы меморандумның (Идлибте демилитаризацияланған аумақ құру туралы келісім) сақталу қажеттілігін де негізге алмақ. Осыған дейін Ресей мен Түркия қорғаныс министрлері Сочиде кездесіп, Идлиб деэскалация аумағындағы ахуалды тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойған және Идлиб демилитаризацияланған аумағын құруға келіскен болатын. 


Таяуда Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сүрияда қақтығыстар аяқталып, ел бейбіт өмірге көшті деп мәлімдеген. Дегенмен, шетелдік сарапшылар ресейліктердің бұл «жаңалығына» сенім білдіре қойған жоқ. 2011 жылы Сүрияда қарулы қақтығыс басталғалы бері астанада Сүрия мәселесін реттеу жөніндегі келіссөз жеті мәрте ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан келіссөзіне қолдау көрсетуші елдердің арқасында, Сүриядағы қақтығыс уақытша тоқтатылды. Ресей, Иран және Түркия аталған мәселе жөніндегі келісімшартты орындаушы кепілгер-елдер саналады. 


 qazaqtimes.com




Көрілген: 786    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 21:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31