Саяси сахна

Иранмен соғысқа ең алдымен АҚШ емес, тіпті, Израил де емес, басқа ел мүдделі

  • http://islam.kz

    http://islam.kz

Иранмен соғысқа ең алдымен Саудия мүдделі. Саудия билігі АҚШ пен Израилдің Иранға майдан ашып, шиғалар елінің күл-талқаны шыққанын қалайды.


Бұл жайында қыркүйек айының 17-сі күні эфирден Ресейдің Бірінші арнасындағы «Уақыт көрсетеді» деп аталатын хабар қонағы болған Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Руслан Құрбанов мәлімдеді.


Оның айтуынша, Иран төңірегінде аса күрделі ойын жүріп жатыр.


Неге Иран? Өйткені, аталған ел көптеген елдер үшін түрлі мақсатта керек.


Мәселен, АҚШ Иранды араб түбегіндегі мұнай ресурсына бай, дәулеті шалқыған елдерді «екі тізгін, бір шылбырмен» ұстау үшін, яғни, арабтардың монархиялық елдерін үрей уысында ұстау үшін керек.


Араб елдері АҚШ-тың қару саудасының көрігін қыздыру үшін. Саудия, Катар, Біріккен араб әмірлігі, Кувейт АҚШ-тың қару-жарағын молынан импорттайтын елдер санатынан.


Аймақтағы басты бәсекелесінен құтылу үшін Саудия қаржысын да, басқа ресурсын да аямайды.


Алайда, Иранға Иразилдің бір өзінің тісі батпайды, АҚШ-тың көмегінсіз Израил Иранға қарсы әскери операция жүргізе алмайды.


islam.kz

 




Көрілген: 2905    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 15:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31