Саяси сахна

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

  • Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

    Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

Израиль қауіпсіздік кабинеті мүшелері Газа секторындағы атысты тоқтатуға дауыс берді, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың баспасөз хатшысы мәлім етті.

Көп ұзамай ХАМАС діни қозғалысы да ұрыс қимылдарын тоқтатуға дайын екенін білдірді. Қозғалыс өкілі Израиль-Палестина арасындағы әскери әрекеттер басталғаннан 11 күннен кейін бітімге келгенін айтты.

"Атысты тоқтатуға өзара келістік, ол екі жақта да 21 мамырда жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 5:00-де) күшіне енеді", - деді ХАМАС басшысы Исмаил Ханияның Газадағы өкілі.
ХАМАС атыс тоқтауын "Палестина халқының жеңісі" деп атады.

"Палестиналықтардың қарулы қақтығысы Израиль тарапы тоқтағанша жалғасады", - деді ХАМАС өкілі.
Израиль өз кезегінде Газа Израиль аумағына зымыран шабуылдарын жасаса, атыс қайта жалғасатынын ескертті.

Еске салайық, Израиль мен ХАМАС арасындағы қарулы қақтығыс 10 мамырда басталған, оған Израиль билігінің бірнеше араб отбасын Иерусалимдегі үйінен шығару туралы шешімі себеп болған. Сол күні ХАМАС Израиль аумағына зымыранмен шабуыл жасаған. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторын атқылай бастаған.

Бұл қақтығыс салдарынан екі тарапта да көптеген адам қаза болған еді, оның ішінде бейбіт тұрғындар да бар. 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 976    Пікірлер: 0

жұма, 21.05.2021, 11:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31