Саяси сахна

Жамбыл, Қызылорда облыстары және Петропавлдағы өрт: Депутат кінәлілерді жазалауды сұрады

  • Жамбыл, Қызылорда облыстары және Петропавлдағы өрт: Депутат кінәлілерді жазалауды сұрады

    Жамбыл, Қызылорда облыстары және Петропавлдағы өрт: Депутат кінәлілерді жазалауды сұрады

Мәжіліс депутаты Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларыға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап және ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР парламент мәжілісі депутаты Фахриддин Қаратаевтың сауалы өткен аптада адам өліміне әкеп соққан Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Петропавл қаласында болған қайғылы оқиғаларға қатысты болды. 

"Тас түскен жеріне ауыр" - демекші бұл жағдай бүкіл қазақстандықтардың қайғысы. Өрт салдарынан жазықсыз нәрестелерінен және азаматтарынан айырылып қалған жақындарына депутаттар атынан қайғырып көңіл айтамыз. Кінәсіз дүнеден өткен балаларымызбен азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін кім жауапты деген сұрақ баршамызды ойландырады. Осы оқиға тиісті жергілікті атқарушы органдарға үлкен сабақ болу қажет. Қашанғы біздің тұрғындарымыз оттың астында қала беру керек? Ертеңгі күні бұндай жағдайларға тап болмауымызға кім кепіл?", - деді Қаратаев үкімет басшысы Маминге сауал жолдай отырып. 

 
Оның айтуынша, орын алып отырған қайғылы оқиғалар жасалып жатқан профилактикалық жұмыстың жеткіліксіз екендігін көрсетті.

"Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, көп қабатты тұрғын үйлерге, әсіресе времянка, дачаларға, басқа да жайлы емес тұрғын үйлерге әрбір нақты жағдайда көмек көрсету тұрғысынан толық жұмыстарды жүргізуді ұсынамын. Сонымен қатар Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларыға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) ақпарат беру керек. Және осындай жағдайлардың алдын алу жөніндегі ахуал ерекше бақылауға алынып, Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, профилактикалық жұмыстарды өрт қауіпсіздігін бақылау және алдын алу шараларды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстарды жүргізуді ұсынамыз", - деді депутат. 

Еске сала кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында өрт болып, бес бала қайтыс болды. 

Сондай-ақ, 21 ақпан күні Байқоңыр қаласында жеті жастағы екі бала жоғалып кетіп, олардың бірі өлі күйінде табылды.

Одан бөлек, 21 ақпан күні Петропавл қаласы орталығында орналасқан жатақханадан өрт шықты. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды. 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 13:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30