Жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүрміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

11 қаңтар 2022, 12:03

Азаматтар мен кәсіпкерлер жылдан жылға жанар-жағармай өндіру және бөліп тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Мәжіліс отырысында Президент жанар-жағармай бағасының реттелмей отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Азаматтар мен кәсіпкерлер жылдан жылға жанар-жағармай өндіру және бөліп тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз. Осы кезеңде Бас прокуратура және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен Энергетика министрлігі бірлесіп осы саладағы жұмыстарды реттеп, реформалау үшін кешенді жұмыстар әзірлеуі тиіс», -деді Президент.