Саяси сахна

Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

 

Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық өткен Республикалық комиссия «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі ұсынған кандидаттармен әңгімелесу өткізіп, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - ректоры лауазымына Жансейіт Түймебаевты таңдады.

 

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

 

1980 ж. &ndash С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог» мамандығы бойынша бітірген.

 

2000 ж. &ndash Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген, филология ғылымының кандидаты.

 

1980-1993 жж - Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент.

 

1993-1994 жж. &ndash Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

 

1994-1997 жж. &ndash Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.

 

1997-1999 жж. &ndash Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы.

 

1999-2004 жж. &ndash ҚР Президенті протоколының жетекшісі.

 

2004-2006 жж. &ndash Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

 

2006-2007 жж. &ndash ҚР Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.

 

2007-2010 жж. &ndash Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.

 

2010 жылдан &ndash Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі.

 

2016 жылғы 6 қазаннан 2018 жылдың маусымына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

 

2018 жылдың 20 маусымынан &ndash 2019 жылдың 28 ақпанына дейін&ndash Түркістан облысының әкімі.

 

2019 жылдың 28 ақпанынан &ndash Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы.

 

Мемлекеттік нагардалары: «Құрмет» және «Парасат» ордендері, медальдар иесі.

 

 

 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 17:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30