Саяси сахна

Жапаров: Екі-үш жылда Қырғызстанды дағдарыстан шығарамын

  • Жапаров: Екі-үш жылда Қырғызстанды дағдарыстан шығарамын

    Жапаров: Екі-үш жылда Қырғызстанды дағдарыстан шығарамын

Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметтері бойынша 10 қаңтарда өткен кезектен тыс президент сайлауында 79,2% дауыс жинап Садыр Жапаров алдыға шықты.

Ол алдын ала жиын өткізіп, алдағы үш-төрт жылда елдің қолдауы бүгінгіден де көбірек керек екенін айтты. Ол өзін қолдаған сайлаушыларға ризашылығын білдірді.

 

Әрбір қырғызстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маған жәрдем беріңіздер. Біз бұған дейінгі басшылардың қателігін қайталамайтын боламыз. Барлығы ашық болады. Үкіметтің есігі ел үшін қашан да ашық. Біз саяси қудалауға жол бермейміз. Кім де кім заң бұзса, заң шеңберіндежауап беруі керек &ndash деді ол.

 
Қырғыз елінің ОСК-ның соңғы мәліметіне қарағанда, кезектен тыс президент сайлауы мен мемлекетті басқару формасын анықтауға қатысты референдумға елдегі жалпы сайлаушылардың 38,70%-ы қатысқан. Бұл Қырғызстан уақытымен кешкі 21:50-дегі ақпарат.

Қырғыз халқының 3 563 574-і сайлау беруге құқылы. Соңғы ақпарат бойынша олардың 1 581 569-ы дауыс берген.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуге қатысты референдум бойынша:

- Президенттік басқаруды қолдағандар - 81,27%;

- Парламенттік басқаруды жақтағандар - 10,82%;

- Екеуіне тең қарағандар &ndash 4,42%.

 
BAQ.KZ




Көрілген: 352    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 07:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31