Саяси сахна

Жапонияда жүзінші премьер-министр тағайындалды

  • Жапонияда жүзінші премьер-министр тағайындалды

    Жапонияда жүзінші премьер-министр тағайындалды

Дауыс беру тікелей эфир арқылы өтті және жаңа премьер-министр басым дауыс саны арқылы белгілі болды. Жапонияда жүзінші премьер-министр тағайындалды. Жапония парламентінің төменгі палатасы осы қызметке дауыстардың басым саны арқылы елдегі билік етуші либералды-демократиялық партияның басшысы Фумио Кисиданы сайлады, деп жазды РИА Новости.

Бұған дейін Фумио Кисида сыртқы істер министрі қызметін атқарған. Кисиданың премьер-министр қызметіне тағайындалуы айқын болатын. Себебін парламентте ол басқарған партия өкілдерінің саны басым.

Бүгін Жапонияда жаңа министрлер кабинеті құрылады және ол айтарлықтай жаңаратын сыңайлы. Ескі үкімет құрамында болған 20 министрдің үшеуі ғана өз қызметінде қалды. Тағы төрт шенеунік те алдыңғы үкімет қатарында министр қызметін атқарған. Ал басқалары бұл қызметке жаңадан келіп отыр.

Жаңа министрлердің қатарында 77 жастағы шенеунік те бар. Ал ең жас министр 44 жаста.

Хирокадзу Мацуно үкіметтің бас хатшысы болып тағайындалды.

Кисида өз қызметіне кіріскеннен кейін парламенттің төменгі палатасын таратуды қолға алатынын айтты. Себебі төменгі палатаның қызмет ету мерзімі аяқталған. Сәйкесінше 31 қазанда елде сайлау өтеді.




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 12:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31