Саяси сахна

Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

  • Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

    Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғимараттан шығып, жылдам жүріп келе жатқанын көруге болады. Мемлекет басшысы қара Mercedes-Maybach маркалы көлікке отырып кетеді. Ал кортеждің басында мотоцикл мінген жеті полицей жүреді. 

Бірақ желі қолданушылары тағы бір нәрсені байқап қалды. Президенттің кортежі тұрса да, көшедегі халық емін-еркін жүр. Ал бір велосипедші тура Тоқаев отырған көліктің жолын кесіп, өтіп кетеді. "Велосипедші адасып жүр ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, кеше, 5 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германиядағы ресми сапары басталған болатын. Қазақстан президентін Германия канцлері Ангела Меркель қарсы алды

 

sputniknews.kz




Көрілген: 1541    Пікірлер: 0

сенбі, 07.12.2019, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31