Желіні шулатқан Смайыловтың сағаты қанша тұратыны белгілі болды

21 ақпан 2022, 12:35

Премьер-министрдің кеңсесі Әлихан Смайылов тағып жүрген сағаттың бағасын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында премьер-министрдің фотосын жариялап, қолындағы сағаттың маркасы "Cartier Tank" екенін айтып, сағаттың бағасы 5 мың доллардан 8 мыңға дейін (2,1-3,4 млн теңге) баратынын жазған еді. 

Премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібай журналистің бұл болжамын жоққа шығарып, үкімет басшысы тағып жүрген сағаттың қанша тұратынын айтты. 

"Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын", - деп жазды Желдібай.