Саяси сахна

Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады: мәжіліс заң жобасын мақұлдады

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Парламент мәжілісінің депутаттары жемқорлық үшін бірінші басшының жауапкершілігі туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бұл норма "Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған. Соның аясында қол астындағы қызметкері жемқорлық жасап ұсталса, бірінші басшының жауапқа тартылатыны да қаралады.


"Бұл өзгерістер қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды көздейді", - дейді депутат Михаил Чирков.


Тағы оқыңыз: Тоқаев жемқорлық туралы: мемлекеттік орган басшылары отставкаға кетуі керек


Заң жобасы бойынша мемлекеттік қызметтен теріс әрекетіне байланысты кетпеген адамдар бір айдың ішінде конкурсқа қатыса алады. Ондайда тест тапсырудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, ауыс-түйіс институтына саяси мемлекеттік қызметшілерді де қосу жоспарланып отыр. Ал қызметтік куәліктер идентификация картасымен алмастырылады.


Айта кетейік, екінші оқылымнан кейін заң жобасы парламенттің жоғары палатасы – сенатқа жіберіледі.


 




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 21:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30