Саяси сахна

«Жер мәселесін біреулер әдейі ушықтырып отыр» - депутат

  • «Жер мәселесін біреулер әдейі ушықтырып отыр» - депутат

    «Жер мәселесін біреулер әдейі ушықтырып отыр» - депутат

Орманды жерлер шетелдіктерге беріледі» екен деген Мұқтар Тайжан кейін постын фейк ретінде алып тастады. Ал Жанболат Мамай дегендер халыққа ол айтқанының өтірік екенін білсе де, әлі таратып жүр...

Әлеуметтік желі бетінде Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның көптен бері талай шу-шұрқанға арқау болып отырған жер мәселесіне қатысты білдірген пікірі жарияланды. Онда депутат қазір жерге қатысты шешілмеген мәселелердің әлі бар екенін мойындаған. Бірақ оның барлығы жұрт айтып жүргендей күрделі дүние емес, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, жерге қатысты нақты шешім шығып отыр. Яғни жер ешкімге де сатылмайды. Тек оны ештеңенің байыбына бармай жатып шу шығаратындар әдейі ушықтырып отыр. 

«Ең бастысы Жердің шетелдіктерге сатуға да, жалға да берілмейтіні белгілі болды. Бірақ Жер мәселесіндегі түйткілді сұрақтар түгел шешілген жоқ әлі. Сондықтан да дау басылмай тұр.

Біріншіден, 14 сәуірдегі Жер кодексіне өзгерістер енгізу Қазақстан Президентінің заң шығару бастамасы тәртібі бойынша іске асырылды

Екіншіден, алдымен Президенттің жер заңына байланысты тапсырмасының тақырыбы не екеніне назар аудару керек. Ол - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ жерлерін ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ жеке меншікке және жалға ИЕЛЕНУІ туралы баптарға өзгерістер енгізу. Сондықтан сол баптар ғана өзгертілді. Яғни, Мәжілістің жалпы отырысы ҚР Президенті тапсырмасымен 2016 жылғы елді көшеге шығарып, ақыры 5 жылға мораторий жарияланған Жер туралы Кодекстің түйткілді баптарын шешті. Жеріміздің 80% болып табылатын ауылшаруашылығы жері «шетелдіктерге сатуға да, жалға да беріледі» деген бапты – «шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де болмайды» деп өзгертіп дауыс беріп бекітті», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол жұрт арасында алып-қашпа әңгімелерге арқау болып отырған бірнеше бапқа да түсініктеме бере кеткен.

«Мысалы, ел түсінбей, «Мәжіліс бекітіп жіберді» деп, кейбіреулер заң жобасынан кесіп алып көрсетіп, наразылық танытып жатқан Қазақстан азаматтарының жерді жеке меншікке иелене алуы туралы Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне келейік.

Кім болса да бұл Мәжілістегі таяуда өзгертілген норманы келтіргесін, оның бұрынғы нормасын да келтіру керек еді мәселе елге айқын болуы үшін. Онда бұрынғы нұсқасында «ШЕТЕЛДІКТЕР... АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕР учаскелерін 25 жылға дейінгі мерзімге жалға алу арқылы уақытша иелене алады» - деген норма бар еді, сол алынып тасталды. Яғни, шетелдіктерге жалға да берілмейтін болды. Біз соған, сондай оң өзгеріске дауыс бердік.

Ал «Қазақстан азаматтарына Кодексте белгіленген тәртіппен жеке меншікке беріле алады» - деген тармағы Үкімет комиссиясында қаралуда», - деп жазған. 

Қазыбек Исаның айтуынша, қазіргі таңда жұрт арасында қарсылық тудырып жатқан басқа да жайттар әлі де талқыланып жатыр. Мәселен, Қазақстан азаматтарына да жерді сату-сатпау мәселесі 80 адамнан тұратын ҮКІМЕТ КОМИССИЯСЫНЫҢ қарауында жатыр.

«Үшіншіден, «Орманды жерлер шетелдіктерге беріледі екен, ондай ұсыныс жасағандар ішінде «Ақ жолдың» депутаттары да бар екен» деген Мұқтар Тайжан кейін «білмей қалдым, түсінбей қалдым» деп, ол постын фейк ретінде алып тастады. Ал оның сол жаңсақ, жалған жазылға постын жалаулатып алып кеткен Жанболат Мамай дегендер халыққа ол айтқанының өтірік екенін білсе де, әлі таратып жүр...

Иә, бірі өтірік білмегенсіп әдейі айтып, бірі шын түсінбей таратып жүрген бұл Орманды жерлер шетелдіктерге берілмейді. Тек анық қай облыста, қай жер екені көрсетілген, мысалы Арал теңізінің түбі, тб «жарамсыз жерлерді шетелдіктерге шектеулі уақытқа жалға беруге болады» деген норма Жер туралы заңда 2007 жылдан бері бар екен, оны жаңа Мәжіліс құрамы енгізген жоқ. Ал 2007 жылы парламентте «Ақ жол» партиясының фракциясы болған жоқ, фракция 2012 жылғы сайлаудан кейін қаңтар айында құрылды. Сонда «Ақ жол» парламент құрамында болмаса, қалай заңға ұсыныс жасайды? Мектеп баласы да біле алатын мұндай қарапайым сұрақтарды «саясаткерміз»деп тақыр жерден шаң жүргендердің түсінуге миы жетпесе, айтар артық сөзіміз жоқ.

Мораторий қабылданғанға дейін біріккен кәсіпорындарға жалға беріліп кеткен 74,4 мың гектар, шетелдік азаматтарға жалға берілген 18,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің мерзімі 2022-2025 жылдары аяқталады да,жер мемлекетке қайтарылады.

Ал мен өз басым Жер туралы Үкімет комиссиясының мүшесі емеспін. Мәжілістің жұмыс тобының да мүшесі емеспін. Жер туралы заң жобасын қараған бас комитет -Аграрлық комитетке де мүше емеспін, Әлеуметтік-мәдени комитеті мүшесімін.

80 адамнан құралған Үкімет комиссиясында бізден бір ғана адам бар. Тіпті, комиссияда барлық парламенттік партиялар төрағасы болса да, «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев та жоқ...
Негізі менің өзімнің жеке пікірім - ауылшаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға да сатуға болмайды, тек жалға беру керек.

Бір ғана формула - Жер иелену құқы мемлекетте болуы тиіс, ал жер пайдалану құқы ғана өз азаматтарымызға белгілі мерзімге жалға берілуі керек», - деп атап өткен жазба авторы. 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 13:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30