Саяси сахна

Жерді әкімдердің бөліп, бақылағаны дұрыс емес – Сенат депутаты

  • Жерді әкімдердің бөліп, бақылағаны дұрыс емес – Сенат депутаты

    Жерді әкімдердің бөліп, бақылағаны дұрыс емес – Сенат депутаты

Сенатор Қазақстанда әкімдердің жерді бөліп, бақылауына өз қарсылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елімізде жер ресурстарын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін, біз мемлекеттік жер инспекциясының вертикалын қалпына келтіре алмадық. Сондай-ақ, Жер ресурстарын басқару комитетінде тек 38 адамнан тұратын орталық аппараты бар. Аймақтық жер инспекциялары жергілікті атқарушы органдарға берілген. Сонда аудан әкімі жерді өзі бөледі, өзі оны бақылайды, бұл дұрыс емес. Әкімдіктер ауылдық елді-мекендерді жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін соңына дейін шеше алмады. Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, қазір ауылдың малын жаюға 32 млн гектардан астам жайылым жетіспейді. Бұл Үкіметтің қарауына 2016 жылы жер комиссиясы шығарған мәселелердің бір бөлігі ғана, олар әлі күнге дейін түпкілікті шешімін таппады", - деді ҚР Парламент Сенаты депутаты Ақылбек Күрішбаев Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында. 
Сенатордың сөзінше, 2016 жылы құрылған мемлекеттік жер комиссиясында қаралған жер қатынастарын жетілдіру жөніндегі негізгі ұсыныстардың бір бөлігі әлі күнге дейін орындалмай келеді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтіп жатыр. 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 13:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31