Саяси сахна

Жетінші сынып оқушысының зорлануы: Тоқаев Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды

  • Жетінші сынып оқушысының зорлануы: Тоқаев Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды

    Жетінші сынып оқушысының зорлануы: Тоқаев Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды

 Жетінші сынып оқушысының зорлануынан кейін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


"Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым", - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде. Әкім қызметіне Досаев биыл сәуір айында кіріскен еді. Оның алдында шенеунік 2017 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келген еді. Еске салайық, 18 қарашада 12 жастағы қыз мектептің әжетханасында зорланғаны белгілі болды. Оқиға жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді. Артынша бұл жағдайдан кейін директор, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметтерінен босатылды. Ал бүгін облыстық Білім басқармасының басшысы біріншіден педагог, екіншіден өзінің моральдық тұрғыда жауапкершілігін сезіне отырып, өз еркімен өтініш беріп жұмыстан кеткені белгілі болды.


Kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 739    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.11.2019, 20:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31