Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жоба жамбылдықтарға жылу сыйлады

27 желтоқсан 2012, 13:53

Жамбыл облысында «Қаз­Транс­Газ Аймақ» («Қаз­ТрансГаз» АҚ еншілес ұйы­мы) компаниясы бел­гіленген мерзімнен жарты жыл бұ­рын жоғары қысымды «Қордай-Шу» газ құбыры құрылысының жо­б­асын жүзеге асыруды аяқтады. Кү­ні кеше Елба­сы­ның қаты­суы­мен өт­кен телекөпір ба­рысында жыл­дық қуа­ты 462 млн тек­ше метрді құрайтын газ құ­бырының тұсауы кесілді. Әлеуметтік мә­ні зор осынау жоба жер­гі­лікті ха­лықты көгілдір отын­мен жаб­дықтауымен қа­тар, ай­мақ эко­номикасын да­мы­туға жаңа мүмкіндіктер бер­мек.
Негізгі жұмысы үстіміздегі жылдың мамыр айында басталып, құрылысы бір жылға созылады деп жоспарланған 106 шақырымдық газ құбыры мерзімінен 6 ай бұрын орындалып отыр. Компания өкіл­де­рі бұған жаңа технологиялар мен үздік тех­никаны пайдалану және еңбек өнім­ді­лігін арттыру арқылы қол жеткізе ал­ған­дығын ерекше мақтан тұтады. Жобаның та­бысты аяқталуының арқасында ал­дың­ғы кезекте Шу мен Төле би қалаларының 33 мыңға жуық халқы мен 82 кәсіпорны кө­гілдір отынға қол жеткізе алады. Келесі ке­зекте Қордай мен Шу ауданының құбыр бойындағы 36 елді мекеніндегі 120 мыңнан астам адам осындай мүмкіндікке ие болмақ. Аталмыш жобаның құны шамамен 4 млрд теңгені құрады.
Жиында сөз сөйлеген облыс басшысы Қа­нат Бозымбаев жергілікті халықты жаңа игілігімен құттықтап, жұмысын табысты жүзеге асырған еңбек ұжымына алғысын біл­дірді. Сондай-ақ өңірдің газбен қам­тамасыз етілуі қазірше 54 пайызды құрап отыр­ғандығын айтып өтті. Енді алдағы бес жылда облыс түгелдей көгілдір отын­мен қамтамасыз етілмек. Газбен қам­та­масыз ету жұмыстарының өңір эко­но­ми­касындағы маңызын көрсетуде Жаңатас пен Қаратау қалаларын мысалға келтірген  ай­мақ жетекшісі, өңірге тартылған ин­вестиция көлемі еселеп артып отырғанын жет­кізді.
Ең бастысы, бұл газ құбырының кезін­де Ұлы Жібек жолы өткен, қазіргі  те­мір­жол және жаңартылған автомагис­траль­дар айрығында орналасқан Шу қа­­ла­сының және оның маңайындағы ай­мақ­­тардың өнеркәсібін қарқынды да­мытуға тигізер ықпалы зор болмақ.
Сонымен бірге аталмыш газ құ­бы­рының іске қосылуымен Қордай ауданын газ­бен үздіксіз қамту сенімділігі артады.
Айта кеткен жөн осы жобаны жүзеге асы­ру кезінде қазақстандық үлеске баса на­зар аударылды. Ал отандық ком­па­ниялар әлеуетінің артуына жобалаудан бас­тап, құрылыс және іске қосу жұ­мыс­тарына дейінгі кезеңдегі жұмыстың бәрі 1,5 жылдың ішінде орындалғаны дәлел бо­ла алады.
Қайрат ШӘРІПБАЕВ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясының Бас директоры:
– Бұл нысан – біздің компанияның жалпы ел көлеміндегі жүзеге асырып жатқан жобаларының бірі ғана. Ал осы «Қордай-Шу» газ құбырының ерек­ше­лігі – оның құрылысының қарқынды жү­зеге асуы мен жұмысының күр­де­лілігімен айқындалып отыр. Өйткені құ­быр арқылы газды болашақта екі ба­ғытта да реверсивті тасымалдауға мүм­кіндік бар. Бұл ерекшелік еліміздің оң­түстігін газбен жабдықтау мәсе­ле­сінің тұрақтылығын қамтамасыз етпек. Қа­зірше көгілдір отынды «Бұқара-Таш­кент-Бішкек-Алматы» газ ма­гис­тра­лінен аламыз. Болашақта «Бейнеу-Бо­зой-Шымкент» қуатты газ құбыры іске қо­сылғанда қажет газ көлемін осы құ­бырдан тартуға болады.

Газ құбырының жұмысын жүзеге асыру оңай болған жоқ, өйткені құбыр алты ав­то­мобиль жолын, сондай-ақ Шу, ырғайты, Қа­лғұты, Қақпатас өзендерін, сегіз бе­тондалған су каналдарын кесіп өтті. Көл­де­нең бұрғылау жұмыстары арқылы бо­лат құбырды осындай нысандардың асты­нан өткізе отырып оларға да, қор­шаған ортаға да зиян тигізбеуге тырыстық.
Негізінде, бұл жоба коммерциялық емес, әлеуметтік мәні басым, халықтың тұрмысын көтеруге, жергілікті эконо­ми­ка­ны өркендетуге бағытталған жұмыстардың жиын­тығы болып отыр. Өйткені газ де­геніміз – халықтың тұрмысын жеңілдететін эко­логиялық таза, пайдалануға ыңғайлы заманауи отын ғана емес, сонымен бірге жер­гілікті өндірістің дамуына елеулі үлес қоса алатын фактор. Жаңа қуат көздеріне негізделген кәсіпорындар ашылып, аймаққа инвестиция тартылып, өңірдің экономикасы өсіп жатса – біздің компа­нияның еңбегінің ақталғандығы болмақ. «ҚазТрансГаз Аймақ» осы жұмысын еліміздің барлық өңірінде жүзеге асыра бермек.
Елбасының қатысуымен өткен теле­кө­пір барысында жеңісті рапорт берген Қай­рат  Қаматайұлы жобаның тұсауын кесіп, «Қор­дай-Шу» газ құбырының толық іске қо­сыл­ғанының айғағы – газ алауын жақты.