Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жолдауға қолдау

29 қаңтар 2011, 17:16


Ерлан НЫҒМАТУЛЛИН, Мәжіліс депутаты:
– Өзін-өзі еңбекпен қамтып отырған халықтың бөлігіне қатысты бағдарламаны жүзеге асыру – өте үлкен, маңызды міндет. Өйткені көптеген қазақстандықтың әл-ауқатының артуы осы бағдарлама шешімдерінің жедел іске асырылуына байланысты болады.
Тағы бір атап айтарлығы – Президенттің осы Жолдауда қойған міндеттерінің Парламентке зор жауапкершілік жүгін жүктейтіні. Өйткені экономи­ка­ның өсімі, елдің дамуы мен әл-ауқатының артуы Парламенттің осы қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті заңнамалық базаны қаншалықты жылдам әрі сапалы жасай алатындығына байланысты болмақ. Мен бұл міндеттердің Президент белгілеген мерзімдерде жүзеге асатынына сенімдімін, оған қажетті қаржы, адам ресурстары бар.

Кенжеғали САҒАДИЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Біз осы күнге өте үлкен, қомақты жетістіктермен келдік. Ал осы жолғы Жолдауда бізді алда күтіп тұрған бұдан да биік белестер айтылды. Әлеуметтік жаңғырту, білім, ғылым саласына, техникалық мүмкіндіктерімізге екпін беру керек деді. Енді осыны жаппай ел болып жаңа деңгейге көтере білуіміз керек. Халықтың өмірін ұзарту, тұрмыс деңгейін жақсартуға аса мән берілгелі отыр. Келесі он жылға ерттеп мінген атымыз да ерекше болуы керек. Бұл Жолдаудан мен осыны аңғардым. Алдағы он жыл күллі халық үшін жаңғыру, жаңару жылы болмақ.

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Елбасының биылғы Жолдауында да әдеттегідей әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінді. Соның ішінде жиі айтылып жүрген, бірақ әлі нақты бір шешімі табылмаған азаматтардың өзін-өзі еңбекпен қамту мәселесі ерекше назарға алынып, арнайы бағдарлама жасау тапсырылды. Бізде қазіргі таңда республиканың еңбекке жарамды халқының 32 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырса, соның 60 пайызға жуығы – ауылдық жерде тұратын азаматтар. Елбасы осы санаттағы адамдарға ерек­ше көңіл бөліп, нақты тапсырма берді. Егер осындай өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтардың мәселелерін шешетін болсақ, олардың біраз бөлігі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясындағы әлеуетті жұмыс күші болмақ. Сондықтан бұл топтағы адамдарды белсенділендіретін болсақ, әрі қарай әлеуметтік мәселелер де шешімін табады.

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, Сенат депутаты:
– Жолдауда үлкен өзгерістер бар. Ең бастысы, бір жыл емес, алдағы онжыл­дықтың жоспарына тоқталып өтті. Өткен жыл­ғы құқық қорғау органдарындағы ре­фор­маны айтуға болады. Қаншама заң қабыл­данды. Кедендік одақ құрылды. Жол­­дауда Президент Нұрсұлтан Назарбаев сы­байлас жемқорлыққа нақты тоқталып өтті. Бұдан барлығымыз қоры­тынды жасауымыз керек. Кезінде жем­қор­лықпен күрес кезекті науқан, кезекті жұ­мыстардың бірі секілді көрінгені бар. Жол­дауда Президент сыбайластықпен күрес мәселесінің мемлекеттік мәселеге көте­ріл­генін әрі оның алдағы онжылдықта да тоқтатылмайтынын айтып өтті.

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, білім және ғылым министрі:
– Биылғы Жолдауда білім-ғылым саласына ерекше көңіл бөлінді. Алдағы 10 жылда Елбасы осы сала­ға айрықша назар аударуды тапсырды. Әсіресе, 12 жыл­дық білім жүйесін айтуға болады. Техникалық-кәсіп­тік білім беру орталықтарын бизнес нысандарына жақын орналастырып, жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеу мәселесі — өте орынды. Енді біз осы мәсе­лені дамытып, республикалық кеңес құруымыз керек. Әлемде қалыптасқан жағдай бойынша, миллион халыққа бес-алты университеттен аспауы тиіс. Ал бізде 149 университеттен келеді екен. Мемлекет бас­шысы осыны айрықша айтып өтті: «Саннан сапаға көшейік, Назарбаев университетінен үлгі алатындай болайық». Білім жүйеміз сол салаға қарай жылжуы керек. Әлемдік рейтингіге қалай болған күнде де біз­дің кемінде екі университетіміз енуі тиіс деген талап қойып отыр.

Светлана ЖАЛМАҒАНБЕТОВА, Сенат депутаты:
– Биылғы Жолдаудағы ерекшелік деп несие беру, орта және шағын бизнесті дамыту мәселесін айту­ға болады. Бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық секторындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Осы саланың 60 пайызы күрделі жөн­деуді талап ете­ді. Осыған байланысты үлкен кешенді бағдарлама қабыл­данады. Жолдауда Президент Үкімет алдына ар­найы тапсырма жүктеді. Бұрын күрделі жөндеу үшін қар­жы бөлінбеген болатын. Енді бұл мәселе шешімін тап­қалы отыр. Жолдаудың жетістігі деп осыны айтуға болады. «Сапалы ауызсу мәселесін де аяғына дейін жет­кізе­міз», — деді Мемлекет басшысы. 2020 жылға дейін қа­ла­лы жерлерді – 100 пайыз, ауылды жерлерді 80 па­йыз­ға ауызсумен қамтамасыз етеміз.