Саяси сахна

Жылуға жарымай отырған павлодарлықтар президентке хат жазды

  • Жылуға жарымай отырған павлодарлықтар президентке хат жазды

    Жылуға жарымай отырған павлодарлықтар президентке хат жазды

Сонымен қатар тұрғындар үй салқын болғандықтан электр жылытқыштарын қосуға мәжбүр екенін жеткізген.

Павлодарда көпқабатты үйдің тұрғындары президентке хат жазып, бірнеше жылдан бері жылуға жарымай отырғандарына шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тұрғындар алты жылдан бері Павлодар қаласының барлық инстанциясына жүгінгенімен, тек жазбаша жауап қана алып келеді.

"Біз бірнеше рет "Павлодар жылу желілері" ЖШС-і мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, тұрғын үй инспекциясына, қалалық және облыстық әкімдікке жүгіндік. Алайда әлі күнге дейін бұл мәселені шешуге қатысты шара қабылданбай келеді",  делінген хатта.

Сонымен қатар тұрғындар үй салқын болғандықтан электр жылытқыштарын қосуға мәжбүр екенін жеткізген. Алайда, ол да мәселені түбегейлі шешпейді. Ол өз кезегінде суық пәтер ішінің ылғалдануына әкеледі де, содан адамдар ауырып жатыр.

"Егер бұл мәселе шешілмесе, онда тұрғын үй жарамсыз болып қалады және 258 отбасы, шамамен 800 адам далада қалады. Сіздерден үйіміздің мәселесін шешуге көмектесулеріңізді сұраймыз", &ndash делінген президентке жолданған хатта.

Ал Павлодар әкімдігі Усолка шағын ауданындағы үйлердің жағдайын білетінін жеткізді.

"Бұл мәселе бойынша қалалық бөлім мамандары бірнеше рет барды. Үйде "Павлодар жылу желілері" ЖШС орталық жылу торабынан жіберетін жылумен жабдықтау параметрлері төмендетілген. Осы үйлерге берілетін жылу параметрлерін арттыруға қатысты хат жолданды", &ndash деп жауап берді әкімдік.

Сонымен қатар әкімдік биыл жылу магистралі құрылысы жоспарланғанын атап өткен. Бұл Усолка және Дачный шағын ауданындағы үйлерді жылумен қамтамасыз етеді.




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 13:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30