Саяси сахна

Кабул әуежайындағы атыс кезінде ауған әскери қызметкері қаза тапты

  • Кабул әуежайындағы атыс кезінде ауған әскери қызметкері қаза тапты

    Кабул әуежайындағы атыс кезінде ауған әскери қызметкері қаза тапты

Кабул әуежайындағы атыс кезінде Ауғанстан қауіпсіздік офицері қаза тапты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы неміс әскери қызметкерлері Twitter-де мәлім етті. Сондай-ақ, бұл оқиғаға АҚШ пен Германия күштері қатысқаны хабарланды. Оқиға салдарынан тағы үш адам жарақат алған.

"Кабул әуежайының солтүстік қақпасында ауған қауіпсіздік күштері мен белгісіз адамдар арасында атыс болды. Ауған қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі жараланды", - делінген хабарламада.

 
Елден кетуге тырысқан мыңдаған адам әлі де әуежай айналасында жүргені айтылды.

Бұған дейін Панжердегі қарсылық отрядтарының жетекшісі Ахмад Масуд провинцияны "Талибан" билігіне беруден бас тартқаны хабарланған болатын. Оның айтуынша, көтерілісшілер тәліптерге қарсы тұруға ниетті. Масуд, егер "Талибан" халықты билікті мойындауға мәжбүрлейтін болса, онда олар ұзақ уақыт билікте қала алмайтынына сенім білдірді.

Еске салайық, 17 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялаған болатын. Содырлар үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.

Кейін тәліптер Кабулдағы президент сарайын басып алғаны, ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кеткені хабарланған болатын.




Көрілген: 748    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.08.2021, 14:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31