Саяси сахна

Кабул, АуғанстанМинистр тәлібтермен* бірге түскен суретке қатысты түсініктеме берді

  • Кабул, АуғанстанМинистр тәлібтермен* бірге түскен суретке қатысты түсініктеме берді

    Кабул, АуғанстанМинистр тәлібтермен* бірге түскен суретке қатысты түсініктеме берді

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің басшысы желіде тарап кеткен вирусты фото қалай түсірілгенін және дипломаттық делегация Ауғанстанға не үшін барғанын айтып берді. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың Ауғанстанға сапар барысында түскен суретіне қатысты пікір білдірді. Суретте дипломат қарулы адамдармен бірге тұр.

"Ол (Смадияров – Sputnik) президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі арнайы өкілі басшылық еткен біздің қазақстандық делегация құрамында болды. Делегация Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету бойынша арнайы миссиямен барды", - деді журналистер сұрағына жауап берген Тілеуберді.


 

Министр халықаралық қауымдастық Ауғанстанда экономикалық және гуманитарлық дағдарысқа жол бермеуді қолдайтынын, себебі бұл "белгілі бір деңгейде қауіп пен қиындық алып келетінін" айтты.

"Ең бірінші бұл есірткі тасымалының, діни экстремизмнің артуы және сәйкесінше босқындар санының ұлғаюы", - деп түйіндеді министр.
Біраз бұрын Желі қолданушылар Айбек Смадияровтың Ауғанстанға сапар барысында түскен суретін қызу талқылады. Кейбір дерек бойынша, Смадияровтың жанында тұрған автомат асынғандар – Қазақстанның Кабулдағы елшілігінің жанындағы күзетшілер.

Қазақстандық делегация Ауғанстанда жұмыс сапарымен болды. Делегацияны gрезиденттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан басқарды. Сапар барысында ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселесін талқылау жоспарланған болатын.

Жаздың соңынан бері "Талибанның" – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған экстремистік діни ұйымының бақылауына өтті.




Көрілген: 858    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 08:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30